meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2021
  206


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тінәлі кінәлі

Көтеріп кластың
Шаңдағын,
Тасыпты ласты
Маңдағы.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
Су жаңа картаны
Сызыпты.
Кескілеп партаны,
Бұзыпты.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
Ісіріп Артықтың
Мұрынын,
Қыздардың тартыпты
Бұрымын.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
«Қойсаңшы» дегенді
Қуыпты.
Сиямен еденді
Жуыпты.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
Салсаңдар ал маған,
Айтар ем мынаны:
Түзете алмаған
Достар да кінәлі!





Пікір жазу