19.05.2021
258
Сара апайдың Сапашы
Ертеменен далаға
Ешкіні айдап тастайды,
Сосын Сапаш қалаған
Ойынын бір бастайды.
Айналадан, өңірден
Іздемей-ақ еш кісі,
Келеді өзі іңірде
Сара апайдың ешкісі.
Келгенменен ешкісі,
Келмейді үйге Сапашы.
Оны ойыннан кешкісін
Келеді айдап апасы.