meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2021
  256


Автор: Қадыр Мырза Әли

Аузы бар орындық

Көрші үйде бір жақсы бар ағай.
Сол әкеп берді де қарағай,
Балалар кескілеп, қашады,
Ғажайып орындық жасады.
Сіз оны өзіңіз көріңіз,
Лайық бағасын беріңіз!
Ол сізге ұнайды қалайда,
Отырып байқаңыз, алайда.
Істеңіз барлығын абайлап,
Басады ол әніне ойбайлап.
Қозғала бермеңіз сіз текке,
Әйтпесе алады ол тістеп те!





Пікір жазу