meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2021
  251


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қауіп

— Келмек қазір қонақтар,
Сияқтанбай әлдекім,
Үй алдында бұлақ бар,
Жуынсаңшы,
Су тегін!
— Үй алдында бұлақ бар,
Жуынайын,
Су тегін.
Бірақ, бірақ... қонақтар
Келмей қалса қайтемін?!





Пікір жазу