meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2021
  217


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жауабының түрі

Тізбек-тізбек вагондар,
Тұрды поезд тоқталып.
Келім-кетім деген бар,
Ығы-жығы көп халық.
Ұстап бір қарт баланы
Дейді:— Алысқа барамын.
Әлгі үшінші вагоны
Қай тұста еді, қарағым?
— Үшінші ме, үшінші?
Жоқ қой қазір жадымда...
А-а... Үш пе, үшінші
Екіншінің жанында!





Пікір жазу