19.05.2021
199
![](/uploads/shorttexts/author_image/kadir.jpg)
Ән-күй мен коньки
Коньки теуіп жүргенмін,
Қайдам қайтіп көргенін,
Түбіт шәлі басында
Тәтем келді қасыма.
— Кеттік!
— Қайда?!
— Концертке!
— Тәтежан, мен...
— Тырс етпе!—
Қайтем,
Айтты — көнемін.
Соңына еріп келемін.
Оның ойы — ән-күйде,
Менің ойым — конькиде!