19.05.2021
  205


Автор: Қадыр Мырза Әли

Аязда

Аяз үйге қуып кеп,
Бүгін сұмдық суық деп,
Қабат-қабат киіндім,
Мықтап буып-түйіндім.
Сырмақ, ішік, пальтоның
Сыртында бір бар тоным.
Паровозша пысылдап,
Өкпем қатты қысылды-ақ.
Қиын болды жүруім,
Жығылсам күш тұруым.
Көрем десең топқа кір,
Қазір мен де, доп та бір!
— Саған,— дейді халайық,
Домалаған лайық!





Пікір жазу