meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2021
  232


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жалғыздық

Ешкім жоқ қасымда,
Үй іші тып-тыныш.
Жалғыз-ақ
Басымда
Үрей мен қорқыныш.
Жұмыстан апашым
Неліктен кешікті?
Қашан кеп апашым
Ашады есікті?!
Сұр көжек емес мен
Зытатын «әйт!»—десе.
Жалғызбын,
Елестен
Қорқам ба, әйтпесе!





Пікір жазу