19.05.2021
  318


Автор: Тұрысбек Еділбаев

ЖҰЛДЫЗДАР

Күндізгі демі басылып,
Күшейгенде түнгі ызғар.
Меруерттей шашылып,
Мөлдірейді жұлдыздар.


Жымың қағып ойнайды,
Түнгі аспанның ғажабы-ай!
Көзін қысып қоймайды
Дәл күлегеш баладай.





Пікір жазу