ОЙРАНДЫ «ОТЫЗ БІР» ЖӘНЕ ЖАЛҒАСЫ
«На протяжений последнего десятилетия Шетский район был пристанищем и убежищем политического бандитизма» деп жазады осы ауданның қаншелек мекемесі ГПУ-дің бастығы болған Н.Сычев 15.12.1931 ж. мәлімдемесінде.
Осы Шетке ГПУ-дің бастығы болып 1931 ж. 18 нау-рызында келген Сычев (қазақтар Шишов деп кеткен)қа онан жоғарғы бастығы Бак деген Шет ауданы халқына діншілтердің, ақын- жыраулардың ықпалы зор сол себепті оларды аямау керек деп нұсқау берген екен.
Сөйтіп, қазақи сана көңіліне мықтап орнаған бейбіт елді быт-шыт қылу, қырып-жою деген мәселе шешімін табады. Ол үшін Қазақ елінің сорына келген Голощекиннің ауыл-ау- ылда социалистік революцияны қайта жасау туралы идея-сы таптырмас олжа еді. Бұл «идеяның» негізінде елді жаппай малдан айырып, қаңғыртып жіберу жатқан.
1928 жылы кәмпеске жүргізіліп, сан мыңдаған мал тартып алынып, бай аталған иелері «Тескен Тау» асырылып жіберілді де, жүздеген мың мал бір жазда зым-зия жоқ болды. 1929 жылы онан кейінгі сәл әлділердің малының көзі жойылды. 1930 жылы орташа шаруа дегендер «құлақ» атанып, малы да, жаны да қуғынға ұшырап кете берді.
1931 жыл да келген. Жоғарғы үкіметтің тоймайтын аж- даһадай көмейі «ет-ет» деп онан да жаман ашылды. Енді елдегі мал да саусақпен санарлықтай еді. Сонда да сормаңдай осы Шет ауданы еліне 107000 қой, 12 мың сиыр, әуелі 180 түйе, артынан «Гигант» үшін деп тағы 500 түйе тапсыруға міндеттелген. Жылқының дәл саны жоқ бұл архивте. Сірә, қолға түскенін тартып ала беруге болатын сияқты.
Бұл уақытта әр ауылдан көтіне көпшік қойып, «бұл маңда сенен ақылды, сенен артық ешкім жоқ» деп мадақтап,
«белсенді» деген атақ беріп, сол атақ үшін үкіметке жағым- паздыққа мойын ұсынған әпербақан, әумесерлерді де үкімет жағы бір «слой» етіп шығарып болған еді. Күні осы күнге дейін ұласып келе жатқан «жоқты» «бар» дейтін үрдіс сол уақытта басталғантын. Мәліметке қараңыз: № 16 ауыл орталығында 2 қой бар екен, оны 9000 деп көрсеткен, № 11 ауылдағы 12 қойды 3000 қой бар деп мәлімет беруден сескенбейді.
Енді әлгі керемет ет салығын малдай орындау керек.
№4 ауылдың 6 адамнан тұратын Смағұлов Мақанның от- басы 1 (жалғыз) биемен қалса, сол ауылдағы Смағұлов Әбеудің 6 жандық отбасы 1 (бір) сиырмен қалып, басқасын белсенділер ет салығын орындау үшін қуып алып кеткен. Не сепкен егіні жоқ, не алдағы күз бен қыста сауып ішері де жоқ бұл отбасы енді қалай күн көрмек? Онымен «ақылды белсенділердің» ешбір ісі жоқ. Кәзір де кейде әнебір жебір, көкейін ақша тескен кейбіреуге қарап, көбікауыз ішкіштерге зер салып, «сондай белсенділер» жоқ па деп шошынатыны- мыз бар.
Көтеріліс жасады деп Қосдоңғал-Күйгенсайда атылған 27 адамның басшысы болып есептелген Бәкінің Тәсібегінде сол 1931 жылы 4 сиыр, 2 түйе, 3 жылқы, отыздай қозылы-қой бар екен. Ол ет салығы ретінде 8 сиыр, 70 қой тапсыруға міндетті болыпты. Бұлар баласы Ажарбекпен екеуі екі үйлі жан екен. Салықты орындап, бала-шағанды аштан неге қырмайсын деп, Тәсібекті түрмеледі, ақыры бүкіл отбасын тегіс (бір жа- сар немересін де) оққа байлады.
Отызбірдің өзінде-ақ аштыққа ұрына бастаған халық тірі қалуға тырбанды. Жаппай мінетін ат түгілі өгізде қал-маған шақ. Халық қолға түскенін қамап тығып қалуға тырысты. Сол кезде Шет ауданында қызмет істеген З.Айдаров өзінің жауабынды ГПУ Сычевтің өзін, М. Ордабаевты, милиционер Торшолақты № 5 ауылға жібергенін, ондағы Сарым руының Иманов, Шойбасовтар басқарған жұрттың 450 пұт «тұқым қоры» (48 қанар бидай) бөліп алғанын, соны қайтаруға барғанда Ордабаевта наган, Торшолақта құсмылтық қана болғанын жазады. Халық бидайды «жерде жатып шіріп жатқан соң алдық» десіп, қайтарып берген. Сонда да ГПУ 19 адамды тұтқындаған.
Қыру басталды. ГПУ Шишов көтерілісшілер саны 900 адамнан асады деп жоғары жаққа жазып, жазалаушылар- ды шақырды. Қоңырат ауданы (қәзіргі Ақтоғай ауданы) жағындағы Жабаев, Садуақасовтар бастаған наразы топ Шет ауданына өтіп кетпесін деп шекара тұсқа тосқауыл отрядын қойды.
Ақтоғай-Шет ауданына аралығына тосқауыл отряды басқарып, әуелі Шишовтың орынбасары И.Жәмілов жі-берілсе де, оған сенім артпаған ГПУ енді Қарқаралыдан арнайы жіберілген мұздай қаруланған Рудиковтың отрядын аттан- дырады. Ол жақта зорлық-зомбылықтың талайын көрсеткен бұл жаналғыштар ГПУ-дың сілтеуімен енді Қызылеспе- Қосдоңғалға бағытталады. Бұл жақтағы наразы болған халық барлы-жоғы сельпоның дүкеніндегі кәкір-шүкірді бөлісіп, та- лайды ұрып-соғып, бетінің ажары бар қатын біткенді зор- лап, әбден елді ығыр еткен Бабжанның Исасын бір күні киіз үйге қамап қойған еді. (Ең болмаса өзінікін өзіне көрсетіп, төмпештеп те алмапты).
Ет салығын төлей алмаған, енді мынадай оқиғаға жол бер- ген бұл ауыл, бұл ел нағыз контрреволюционерлер болып шыға келді. Ылғи баскесерлерден тұратын Рудиковтың отря- ды Бүркітті тауының маңында 8 адамға оқ жаудырып, жара- лыларды, тұра қашқандарды қылышпен қидалап тастағанын жаңылмайтын архив есіне ұстап қалыпты. М.Райымқұлов де- ген шабылғандардың мүрдесі апта бойы көмілмей жатты деп жазады.
Белсенді Бабжанов Иса тек өзінің «жау» деп есептеп 85 ер адам мен 12 әйелді ұстатқанын мақтан етеді. Жалпы қапасқа іліккен әйелдердің саны 20 адамнан асқан. Соның талайы атылса, талайы итжеккенге айдалып кеткен.
Кісі ату деген білгіш-белсенділер үшін ермекке айналған. Тәсібекұлы Ажарбекті №12 ауыл кеңесінің төраға міндетін атқарушы өз бетімен ата салса, Шілікбаев Әкішті «Шұбар обада», Бименов Жаңгелді мен Шегенов Жақыпты №17 ауыл мен №11 ауыл арасында өздері тыныш ұйықтау үшін оққа байлаған.
Қосдоңғал-Күйгенсайдағы топтап кісі ату шектен шығып кетті. Қан сасыған бұл маңнан жұрт қашып та кете алмай- тын еді, бәрі қоршаулы, аңдулы. Аудандық комсомол ұйымын басқарған М.Әмрин әрбір кісі ату уақиғасын көрсету үшін 60- 70 адамды қуып апарып, көрсететіндерін жазады.
Осы оқиғалардың бел ішінде жүрген Жұмағұлов Қоңыр, Тоқбалин Көдебек белсендінің «сендерге үкіметтің оғын шығын қылмаймын» деп онбір адамды тізіп қойып, винтовканың жалғыз оғымен атқанын, оқтың бес адамнан өтіп, алтыншы Нұрмағанбетов Қасеннен өтпей қалғанын жазады. Осы жолдардың авторы К.Ж 1989 Мыржықбайда тұратын Көдебекті әдейі іздеп барған еді. Жанама сұрақ- тардың бәріне Көдебек қутындап жалтарып ұстатпай отыр- ды. Ақыры онан 1931 жылғы аудан басындағы кісі атуға қатынасқаны жөнінде тікелей сұрауға тура келді. Көдебектің түсі бұзылып кетсе де, «жоқ жоқтан» басқаны айтпай, етегін қағып тұрып кеткен еді. Енді, міне, ұмытпайтын архив мой- ындатып отыр. Осы жерде, кешегі КГБ-ның агенті болғандар бәрібір бәрі ашылатынын еске алып азды-көпті кінәларын айтып, жазып кешірім сұрағандары жөн ғой дер едім. Ол сол адамдардың ұрпақтары ұялмай-қысылмай өмір сүрулері үшін де қажетті екенін білген жөн.
Ал, атақты 37 жылдары мен мұнан Кеңес үкіметі құлап қалғанша КГБ тыңшылыққа зиялы деген азаматтардың әйелдерін пайдаланған жағдайлар бар. Бұл күнә мен кінәні кім қалай ақтар. Солардың ермегі болғандар уақыт пен ұрпақ алдында (ертең көрінде тыныш жату үшін де) тірінің алдында кінәсін төккені қажет-ау.
Қанды қырғынды жасаған Рудиковтың отряды мен шала есті белсенділер. Ал, Рудиковтың отрядына енгендердің шетінен бұзатар қылмыскерлер болғанын ГПУ Шишов жазып кеткен.
Қолға түсіп, қапасқа қамалған әйелдердің көрген қорлығын архивтен оқысаң төбе шашың тік тұрады. Архив №15 ауылдық Қасқырбаев Оқтемір дегеннің әйелдерді зорлауға шығарып беріп тұрғанын жеткізеді. Ел қанға бөгіп, ері ұсталып, еңіреп жатқанда әумесерлердің тәтегі тұрып, оқыранып жүргенін бізден басқа қай ел бастан кешіпті. Қазақтың иманды әйелі бұл сорақылыққа көнбеген. Көнбегеннің бірі Ғаббасова Тиішкен. Атақты Тоқсанбайдың Ғаббасының жап-жас келіншегі. Атасының атын атамау үшін күйеуінің есімін фами- лиясы еткен. Ай бойы ұстап, күнде зорлауға алып шықса да, көнбеген. Күйеуі Ғаббас 1929 жылы ұсталып, Қарқаралыда атылып, денесі Үлкен көлге тасталған. Жаз шыға Тиішкен көл жағасына шығып қалған өліктердің арасынан күйеуі Ғаббасты балтырындағы қалынан танып, өз қолымен жер- леген. Енді, міне, маған ти дейді бірі, менің зорлығыма көн дейді басқасы. Көнбеген соң ұрып-соғып, күнде шұңқырға тастап, бетін керегемен жабады. Ақыры Әубәкір деген белсенді атуға алып шығады. «Маған жат. Көнсең атпай- мын». Көнбеген Тиішкенді шешінуге бұйырады. Жалғыз іш көйлегінде «шеш» деп ақырады. «Жалғыз көйлегім сенің оғыңнан қорғамайды ғой. Ата бер. Тек тірімде денеме қол тигізбендерші» деп зарлағаны архивте жазылып қалған. Тиішкен біреулер үстеріне келіп қалып, бұл жолы атылмай қалды. Ақыры өздерінің басын арашалауға мәжбүр болған ГПУ оны босатқан. Әулиедей Тиішкеннің онан арғы тағдыры белгісіз. Мәңгілік орны анықталса бар қазақ әйелі тәуеп етер орын болар еді.
Ал, Тәсібек келіні Сақыптың тағдыры жан түршігерлік. Сол
уақиғаны көзі көргендер оның бір жасар баласының да оққа ұшқанын, өзінің төсі тілініп, азаппен өлгенін айтқан еді. Сараң архив С.Исабаев деген белсендінің ауыл кеңес И.Бабжанов, сельпо сатушысы, №15 ауыл белсендісі төртеуіміз келісіп, қартаң әйел Еркешті, Сақыпты, қайнысы Нұрланды алып шығып аттық дегенін сақтаған. Сол төр-теудің ұрпақтары да кейінгі КГБ-ның агенттері болғаны даусыз. Сақыппен оның бір жасар баласын атқан оқиғаны үлкен полотноға салды- рып аудандық музейге ілдіріп едік, кейін алдырып тастапты. Біреулерге ұнамапты. Ұнатпаған кімдер деген сұрақ тұрады, әлде сол «атқыштардың» ұрпақтары болар. «Аморальный» депті. Неткен ұялшақ десейші. Онан сұмдықтарды ел күнде теледидардан көріп отырғаны есте жоқ.
ГПУ Шишовтың анықтауындай «саяси қылмыскерлер-
дің отаны» болған Шет ауданында 1931 жылдың жазында үкіметке жақпай қалып, айыпты деп ұсталғандардың саны 480 адамға жеткен. Шишов тек 130 адамды тұтқындағанын жазады. Осыншама адамды бір жерде ұстау мүмкін бе? Қарт ұстаз Ж. Құтжанов олардың бір бөлігі сол кезде иесіз қалған Аюлы тауының сыртындағы Қозадағы қыстақта да болған десе, ауданнан сегіз шақырым Сарыадырда қолайлы орын болғанын үлкендер айтып кеткен. Ал, Шишовтың өзі ГПУ мекемесі мен қапасы ауданнан бес шақырымдық ауыл да (осы күнгі Ақсу ауылы) екенін жазады. Ұсталғандарды «бара- ньем загоне» (қой қорада) қамап отырмын дейді.
Осы тұста «қазақ байлары социализмге біртіндеп өздері сіңіседі» деген бейбіт бағыт ұстаған Шәріп Нұрма- ғанбетов ауыстырылып, аудан басшылығына мақсатсыз М.Байбоқышев тағайындалған. Соның шешімімен проку- ратура, сот, аудан мекемелері ГПУ Шишовтың қарамағына беріліп, прокурор Жүсіпжанов та, сот Б.Нағызбаев та Ши- шовтың рұқсатынсыз райкомның есігін ашпайтын болған. Тәртіпті бұзып бір сағатқа барған сот Б.Нағызбаев бір сөтке қамауда отырып шыққан.
Келе жатқан аштықтын апатын халық сезіне түсті. Же- ке-жеке бас сауғалап қашу емес, елдің есті азаматтары қарсылық шараларын да ұйымдастырды. Халықты жаппай үдере көшуге үгіттеп, ұйымдастырған Дүйсенов Еркебек, ет салығы болып келген малды тартып алу ісіне қарсылық жасап жүрген Орманның Шәрібінің аты белгілі еді. ГПУ Ши- шов Орманов Шәріп басты «бандит» деп есептеген. Орма- нов Шәріп бес адамымен қапылыста қолға түскен. Шәріпті жүздеп саналған басқа тұтқындарға қосуға Шишовтың баты- лы бармады. Ол Шәріп барлығын көтеріліске бастап кетеді деген қорқынышын жасырмайды.
Июнь айының 4-нен 5-не қараған түні Шишов облыс
өкілі Каршин, жер бөлімі Гришин, ГПУ орынбасары И.Жәмі- левпен Орманов Шәріп бастаған топтын тағдырын шешуге кіріскен. Шишовтың атамыз деген пікіріне И.Жәмілев қосыла қоймаған. Себебі 5-сәуірде Қодоңғал-Күйгенсайда жаппай кісі ату мәселесін Алматыда Алаш азаматтары көтеріп, іс қозғап жатқан еді. И.Жәмілев сонан тартынды. Қазақтың па- насы – Алаш әлі тірі еді, бар еді.
Қанішер Шишов айтқанынан қайтпады. Көдебек Тоқ- балинге кісі ататынын айтып, дайын болуын тапсырды. Ертемен бәрін аяғынан тік тұрғызған. Фельдегердің бірі А. Пучков атылатындарды апаратын аттарды атшы Қалилаға алдырғанын, жеке қамаудан Ш.Орманов бастаған 6 адамды алып шығуға милиция Мұқыжан мен Сүмсекей Айқынбеков көмек еткенін жазады.
Сот Б.Нағызбаевты Шишов кісі жіберіп алдырған. ГПУ
қызметкері И.Жәмілев кісі атуға Шишовтан қорыққаннан барғанын жазған. Атылатындарды сендерді Қарқаралыға жөнелтеміздеп үш-үштен екі арбаға отырғызып алып жүрген. ГПУ «герой» атап жүрген Көдебек айдаушылар ішінде, қолында винтовка. Көдебек қапастан 7-8 км жүрген соң бұрылып, төбе астық десе, А.Пучков Спаскеге баратын қоңырат жолымен 8-9 км жүрдік, сонан соң бізді тосып тұрған Б.Нағызбаев сол жаққа бұрып, сүрлеумен бірәз жүріп төбеден астық. Сол жерде Шишов бастаған атушылар тұр екен дейді. Шишов «я облюбовал место для растрела» деп жазған.
«Выбрал» емес «облюбовал», яғни кісі атуға сүйсінетін орын. Нұра өзенінің жағасында екі қыстақ та алыс емес екен. Шуаш Нақыш ауылын Уақас Әбілдин, Тишбай, Жолдасбай, Төсбай, Қайкин Әбдрахмандар қыстаса, Көкеш ауылында Сақып Рақымбеков, Тоқсанбайдың Әубәкірі, Дуанның Дүйсенбайы, Құтжан т.б тоғыз үй отырған.
Шишов ешкімнен сескенбеген. Алты арысты шешін- діріп, теріс қаратып тұрғызып қойып, бес қадам жерден оқ жаудырған. Тұра қашқандарды екінші оқпен жапырып, жа- ралыларды біртіндеп атқан. И.Жәмілев «мен атпадым, тіпті наганымды қабынан суырған жоқпын» десе, ГПУ «герой» деп жариялаған Көдебек «үш рет аттым» деп мақтанады. Сол кез- де алаш азаматтары Шишовқа іс қозғап жібереді, әйтпесе ГПУ Көдебекке Союздан «герой» атағын бекітіп берер ме еді. Архив атылғандардың біреуінің штаны жаңа екенін, соны шешіп алғанда ышқырынан 100 теңге шығып, оны Шишов
қалтасына басқанын да жеткізіп отыр.
5-сәуір күні атылғандар мына абзал жандар еді
- Орманов Шәріп-Шет ауданы № 10 ауыл азаматы;
- Орманбетов Нұрмағанбет – Шет ауданы;
- Жабаев Садық (Сыздық) – Свердарин (Сырдария бо- лар) округі.
Мерке ауданы № 8 ауылдан;
- Тұрлыбаев Иса – Сырдария округі. Мерке ауданы, №2 ауылдан;
- Ормантаев Байтұрсын – Қостанай. Қараби ауданы;
- Адыгешов (Едігеев) Күреңтай (Құрман) – Мекен-жайы белгісіз.
Оққа ұшқан Мерке ауданының, Қостанайлық азаматтардың бабамыз, туысқанымыз қай жерде қалды екен деп іздейтін ұрпақтары болса атылған жерін көрсетуге болаты- нын да айта кетпекпіз.
Шишовтың «облюбовал» жеріне жақын өзеннің жарына тіреп қойып, сол «31» жылдың июль айының соңында тағы 32 адам атылған еді.
Иә, ол кезде қазақтың панасы бар еді. Ол қуғынның неше атасын көріп жүрсе де елінің зарын біліп, ол үшін жанын пида етуге даяр Алаш азаматтары қатары сөгілсе де әлі тірі еді. Бұл уақиғалар олардың назарынан тыс кетпеді. ГПУ Шишов- пен оның баскесерлеріне іс қозғалды. Оларды аяусыз жаза- ламаса да түрменің есігінен аттатты.
Мұнан кейін ше? Мұнан кейін ел панасыз қалды. Отызын- шы жылдары исі Алашты жер бетінен аластады. Панасыз қалған елдің көрген күні қараң. Аштықты, ату-асуды көрген, үкіметтен әбден түңілген талай қазақ соғысқа барғысы кел- мей, қашты. Қашқандарды ұстаған жерінде ұрып-соғу, итке талату, өлтіре салу ойыншық боп қалды.
Соның бір мысалы осы аудан азаматы Шәкір Әкім- ұлының – тағдыры. Бар жазығы не үшін соғысамын деп, әскерден қашуы. Шәкірбек кезінде Алматыда оқып, елге аг- роном болып оралған азамат. Қатпар колхозын басқарған, ауданның жер бөлімінде басшы болған. Қырылып жатқан көп қазақтың бірі болып оққа ұшқысы келмеді. Бар жазығы осы. Оны Тағылының бір сайындағы Жылы Көн-дегі әйелі Сусардың үйіне келгенін біліп салпаңқұлақ-тыңшы милицияға хабарлаған. Шәкірбектің мінген атын атып құлатқан милиция тал арасына жасырынған оған кісі жейтін иттерін қосқан. Кісі жейтін екі ит алып соғып, тірідей жұлмалап жатқанда жан да- уысы шыққан Шәкірбек милицияға «бір елдің адамы едік қой итіңді тартсайшы» деп жалынған. Адамды иттің талағанына рахаттанған милиция итті айтақтай түскен. Ақыры Шәкірбекті иттер талап өлтірген. Өлген азаматтың мүрдесін Шет совхозының орталығына арбаға салып әкеліп көрсеткенін 1973 жылы мектеп мұғалімі Базарқұл Кемпірбаев айтқан еді. Палатканы ашты. Шәкірбектің бір жақ қабырғасы мен қол сүйектері ырсиып жатыр. Ит жеп қойыпты. «Әскерден қашқанның көретіні осы болады» депті сұп-сұр милиция.
Бұл бір ғана мысал. Талайдың көргені бұдан да сорақы іс.
Осыны істеген милиция да, НКВД-сы да еш жауапқа тартыл- мады. Тіпті шені өсті. Құрметті делініп пенсияға өтті. Соларды әлі де мақтап жүрміз.
Иә, бұл жантүршігерлік уақиғаны мектеп кезінде құлағым шалып қалған еді. Кейіннен Базарқұл мұғалімнен, онан кейін Аманбек молладан естідім. Жұрт ұмытуға тырысқан бұл жағдайды тоқсанға келіп қалған Өмірзақ Қонқасұлы есте тағы жаңғыртты.
Әнебір жылы үкімет қаулысын бұзып аудан орталығын шошақтын шөлінен осы Аюлының баурайына әкеліп орнала- стырып қазығын біржола қаққан, ойранды отызыншы жылдың басында «қазақ байлары социализмге біртіндеп сіңіседі» деп жазып оларды қорғаған, кейін өзі де репрессия құрбаны боп кеткен Шәріп Нұрмағанбетұлының атына көше беру туралы ұсыныс түскен еді. Соған әкімнің жетегінде жүретін бір-екі шал қарсы шықты. Қайтсын-ай, әкімнен орден алып беруді сұрап жүрген кездері еді.
Келер ұрпақтың елін қорғай алатын, рухы биік азамат бо- лып қалыптасуына тарихтын қатерлі беттерін ашып, абзал азаматы мен көк мылжын, әпербақан-есерсоғын айырып, өткеннін қатесін санасына сіңіріп, халықтың ендігі өрісін танып, соған ұмтылып өсуі қажетті өмір талабы. Біз неден сабақ алдық деп көз жүгірткенді өткен іс пен бүгінгі жай ой- лантады.