Көне арнаның ізі қайда?
“Ауылыңдағы қария жазулы тұрған хатпен тең” деген ұстанымды исі қазақ баласы берік ұстаған. Көз жетпес көне заманның бар жақсылығын да, халықтың арман-мұңында ертегідей етіп жеткізетін, ұрпақтың бетін ізгілікке қарай бұратын да, күнделікті өмірдің ауыр салмағын да көтеріп, қиындықты шешіп отыратын да сол жүзін қырау шалған қариялар болушы еді. Бала кезімізде ауылда өстік. Соғыс пен жоқшылық қабаттасып жатқан шақ. Ішетін ас та, киетін киім де жоққа тән. Сол қысылтаяң шақта біздің колхоздың қыс айында қазан көтеруге шамасы жетпейтіндері «Қызыл» бұзауға тайынша-торпақ алып жейтін. Бала-шағаның аш- тыққа ұшырамауын ойлап, қамын жеп әлі тумаған, ендігі туар «қызыл» бұзауға қазан көтеруді ұйымдастыратын ел ақсақалы Көпжан қария еді. Ол кісі басқарма да емес, бірақ қай басшы келсе де сөзін өткізе алатын ел ақсақалы болатын.
«Сөйтіп жатыр» деген ауылдан арыз да түспейтін Есейе келе
сол кісінің бойынан сабырлы парасаттықты, мәселені бір ауыз сөзбен тындырар шешендікті, ғасырлар бойы дала ру- хын бойына сіңірген қазақтан келе жатқан далалық даналық пен көсемдікті көрдік. Ол кісінің алдына үлкен де, кіші де қаймыға баратын да айтқан әңгімесін даналықтың дария- сынан аққан кәусардай тамсана тыңдап, шыға бере басқаға таңдай қаға жеткізетін. Өмірдің сан бұралаң соқпағынан өткен, не қиыншылықты басынан кеш-кен Көпжекең өмірінің соңына дейін сол кісілік қасиетін, абыз ақсақалдығын жоғалтпай дүниеден озды. Көрші кол-хоздардағы Тәйім, Тұңғышбек, Қатпаршақ ақсақалдарды да бүгінгі жұрт тап осылай еске алады.
Біз көзбен көрген Сырымбеттің Қасымы, Қази ақын,
Нақыпұлы Алтыбай, ғажайып шежіреші Төкеңнің Жұ-мабайы, Исатай Омарұлы, Аманбек молла, Зекен Бәкірұлы т.б. тәлімін ұстап қалған кім бар деп бүгінде жан-жағыңа жалтақтайсың. Бүгінде көзі тірі тоқсанның тоғызына келіп отырған өзімізге дәріс берген ұстаздар Жұматай мен Шәукей ақсақалдардың айтарын естіп, санаға түйіп қалайық дейтін бүгінгі алпыс- жетпістен асқандардың ниеті жоқтығынан түңілгендейсің: Бұлар маған соңғы «сыр сандықтай» көрінеді. Сол сыр-
сандықтың ішін қотарып, бүгінде шашына ақ кіргендер ойнаған картасы мен күнде ішер сапты аяқтағы іркіт «шай- тан суды» тастап, дүниенің қай бағытына бұрарын білмей желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дәстүр, имани жол, кісілік қасиет, ұлы даланың ұлылығы туралы әңгіме қозғаса қандай ғанибет болар еді. Бұл, әзірше, арман сияқты.
Керісінше, бастық көрсе соның ығына жығылып, бәйек болып, Абай айтқандай «бас изесіп», Шортанбай айтқандай
«майырды (бастықты)пір санағаннан» аспай жатқан жағдай бар. Сұрайтындары өз жағдайы, баласына үй, атасына көше, директор болған едім енді орден бергізден аспай- тын парықсыздық. Өсектен де аулақ еместік. Бір пақыр бастықтың бір құрылыстан үлкен қаржыны жоқ еткеніне таңдана сөз еттік. Арамыздағы директор болған пенде сол сағатында аудан әкіміне жеткізгеніне айтар нең бар. Бір ау- ылда мешіт салынған еді, соның ашу рәсіміне облысы бар, ауданы бар бар имам жиналады. Әкім жоқ, сол қатынасу керек деп үш сағат күттіріп қойғанына не жорық. Әкім өзін құдайдан да мықты санағаны да. «Күтелік» деп бас шұлғыған тағы өздерін үлкен санағандар. Бір мешіттің ашылу салта- натында қалталы біреудің мешітке сыйлаған машинасының кілтіне «бұл да болса олжа» деп құрметтеп жүрген сексен- нен асқан шал қалтасына салғанында көзбен көрдік. Осыдан кейін мұндай пенделіктен аспаған «шалдарды» көпшіліктің ісіне күйінер, келер ұрпақтың қамын жер, сол үшін кезі келсе өмірін садаға етер деп кім айта алады.
Бізді көргеніміз бен естіген жақсылықтарымыз тәр-биелеп,
өсірді. Кешегі патша заманында ғұмыр кешкен Дүйсенбай би туралы естуіміз мол еді. Заманның сол тұсында қазақ арасын- да сауда-саттық молынан еніп, қазақтың қалыпты мамыржай өмірі бұзылып, нарық кірген. Кірген де ел арасында ұрлық өскен. Дүйсекең ауылының бір азаматы бөтен жақтан бес- алты мал әкелсе керек. Іле ізбен қуғыншы да жеткен. Жоқ малдың осы ауылда екені анықталып отыр. Бүкіл жұртын ұры атандырмас үшін, ел намысы үшін Дүйсекең етік тігер бізді алып, жең ұшынан жерге шаншып отырып, «біз алсақ бізді құдай атсын» деп іштей құдайға жылап отырып ант беріпті. Қуғыншы кеткен соң ауыл ұрысына дүре соқтырып, сабап, сол түнде келген жылқыны бөтен елге айдатып тастаған екен. Дүйсекең тіпті Қояншытағай елінің болыс сайлауының өзін ру-рудың бәсеке жарысына жібермей, кезек-кезегімен болыс еткені де ел аузындағы өшпес әңгіме.
Нарық халыққа оңай тимеді. Кешегі «көсемдер» шыл- қып шыға келді де, аңқау халық ендігі бет алыстың мәнін де түсінбей барынан айырылып, «пролетариаттың» жаңа нұсқасы бола қалды. Байтал түгілі бас қайғы дегендей кешегі әр үйдің бала-шағасына дейін оқитын «Жұлдыз», «Зер- де», «Мәдениет және тұрмыс» түгілі күнделікті күн көрістің қиындығына ұшыраған жұрт газеттің бетін көруден қалды. Опырылып құлап жатқан ауылдармен қатар енді ғана есін жиып келе жатқан ұлттық сана, ұлттық таным да ойсы- рап, шет-қақпайға шығып қалды. Ұлттық идеологияның жоқтығынан ойсыраған ұлттық сананын орнын немен тол- тырарын білмеген жағдай. Иә, коммунистік идеология да өзіндік социалистік тобырды қалыптастырған еді. Дінсіз, ділсіз, ұлтсыз тобыр еді. Бірақ бұл тобыр сай-сүйегіне ком- мунизм идеясы сіңген, сол үшін айқаса кетуге дайын тобыр еді. Қазіргі тобыр ше? Ұлттық дүниетанымы қалыптаспаған, ұлттық санадан ада мына тобырдың ұлт үшін күресе қоюы неғайбыл-ау.
Қаншама қиыншылыққа ұшыраса да, «мың өліп, мың тірілмей», ажал қаптырмай ұлт рухын сақтаған арын сатпаған қариялар еді. Нарықтың зарынан тозуға ұшыраған ұлт рухына жан беруші қалам ұстаған зиялылардан бұрын ел-елдегі қариялар дер едім. Бірақ, жабыны тұлпар, жа- палақты сұңқар деп таныған тұста оған да сенім шамалы. Әркімнің парқы әртүрлі, қабілет-қарымы да соған сай. Оны кім, қалай пайдаланып жүр. «Жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей пайымды ой мен сөздің орнына арыз жазғанын мәртебе санап, ел арасына, тіпті кешегі өзі істеген, не істеп жүрген жұмыс орны арасында жік тұрғызып, өзінен кішіні аяқтан шалып, өз қадірін кетіріп жүрген қарттарға айтар сөз өтерме. Аурухананы біраз жыл басқарған Хауан қарындасымыздың «осы үлкендер жөн біліп қартайса ғой» деп налуы да осының айғағы. Энциклопедияға өзінен басқа ешкім білмейтін әкесін «ол неге кірмейді» деп арыз жазған пақырға да сөз өтпес.
Осындай пайымсыз шалдар қайдан шыққан деп таң қалатындар да аз емес. Ол кешегі бір тұста ұлттық рухты жаппай өшіруге ат салысқан партком-сарткомдардың «іргелі ісінің» жемісі. Партияның ұлтсыздандыру идеологиясын жер-жерде жан-тәнімен жүзеге асырған да солар. Пайым- ды қарттардың «осы бір неме неге көки береді,тыңдамандар оны» деп ауыздарын жапқанда солар. Бір орысы жоқ ауылға барғанмызда сол ауылдың балабақшасының аты «Чебураш- ка» екен. «Не дейсіз, Шұбарешкі ме» дедік әдейі. Оу, қай қазақ тілін бұралақтатып Чебураш деп жатады, қазақша ай- тылымы Шұбарешкі ғой дегенімізге бейшара партком аттай тулады. Балтабай інімізді жиналысқа басына тұмақ, аяғына саптама етік киіп келгені үшін де қуып шыққан сондай парт- комдар. «Мысық оба» деген қыстаққа әлде облыс, әлде ау- даннан білдей басшы орыс келерде тағы бір партком қарадай қабағы теріс кетіп, бұл не сұмдық? «Мысық оба – кошачий могила». Кері кеткендік. Енді бұлай айтылмасын. Ендігі атауы «Новая Заря» деп бұйырған да... ниеті қазақтан алыс жатқан партком. Ұлттық сананы өшіргішпен өшіргендей еңбек еткен солардың жан-дүниесінде келер ұрпақ қандай болады деген іштей арпалыс бар деп кім айта алар.
Қазақтың өз шаңырағын өзі көтерген мына заманда та- лай жастың мына ұсақталып кеткен қарттарға қарап, шіркін- ай кешегі бабалардың ізін қуған абыз ақсақал, ділмар ше- шен болмаса да қуып жүрген картасын тастаған, қалтасына тыққан бөтелкесін лақтырған, желбуаз әйелдердей өсекті қойған ауызында батасы бар, жүрегіне иман қонған ең болмаса сондай ақсақал болар ма еді дегендерін естіп, өзің кінәлі болғандай боласың. Шал-сымақтардың «Ойбөй, қайтыс болған пәленшенің дәлеліне барайық, келіңдер бір
«жүзді» тастап алайық» дегендерін естіп жастардың жер- ге түкіріп, теріс айналғанын да естідік. Еңбекшіл ауылында қайтыс болған кісінің асында қызара-бөрткен шалдар көкірек салыстырып, ауыздарына келгенін айтып, берілген астын берекесін кетіріп, ақыры сыртқа шығып төбелескендерінен жұрт түңілген.Арақ пен сыраның қайсы артық, қайсы кем деп дауласып, көшенің қақ ортасында жағадан ұстасқандарды көргендер сырт айнала қашқаны қайбір жетіскен жағдай дерсің. Ішімдіктен құр емес, көкірек деген жетерлік жасы жетпістен асқан пақыр елдің мазасын алып, «ендігі арда-
гер мен! Маған сәлем беріңдер» дей берген. Өзінің көрші- қолаңның тоқты-торымын жымқырып кететінін жұрт білетін. Сол пақырдың мына қылығына ыза болған Сәкең ақсақал
«әй,бері келші, құлағыңды тосшы»деп, өзін мадақтар деп тұрған пақырдың құлағына «сен ардагер емессің, вор в за- коне» деп айғай салғаны да бар. Мұны естіген жиырмадан асқан жігіт аузынан арақ-сыра кетпеген бір шалды көрсетіп
«анау пьяншік в законе» деп мазақ еткені кімге әбүйір дейсің. Иә, ұлтты аздыру үшін кешегі ақтың да, қызылдың да империясы арақты қасақана үйретті. Тіпті, оны ішпеген адам сенімсіздердің қатарында болды. Ұзаққа созылған бұл вирусты-дерт ұлттық психологияны ауруға ұшыратты, ұлт психологиясы өзгеріп шыға келді. Бүгін қаншама тырыссақ та, санамызды өзгерте алмай жүргеніміз соның салдары. Бір тойда арақтан аулақ үлкендер жеке үстелге отырған еді. Жасының үлкендігіне міндетсінген сексеннен асқан шал төрге озды. «Ішпеуші едік» дескендерге бой бермей, «әкел, әкел! Мен ішемін» деп, ақыры басқаға да құйғызып, оған тәмпіштеу біреу қосылып,берекені кетірді. Мұның ақыры қатын өсекке кетіп, арты үлкен ренішке айналып барып, зорға басылғаны соларға сабақ болмағанын көріп жүрміз. Жаста- ры алпыс түгілі жетпістен асып, жол аяғына келіп қалғанына қарамастан баяғыда бір қозған іштегі ыстығына ыстық қосып, қызара бөртіп, жас демей, жасөспірім демей қалжыңдасып, ыржыңдасып жүргенді кім дерсің. Өз қатарымен әзілдеудің өзі басқаның назарынан тысқары, орынды болса деуші еді бұрынғылар. Бұларға шектеу жоқ, ұят деген арақтан семіп қалған мидың бір түкпірінде өлген.
Дінде айтылатын нәпсі адамның болмысында бар.
Харам нәпсіге шалдар шектеу қоя алмай келеді. Ха- рам нәпсі-карта да, арақ та, бұзылғандықтың неше ата- сы да бірден рахатқа бөлейді. Харамға ерген пенде мұның ләззатынан шыға алмайды, «мен ғана батыр, өзім ғана бай, тек өзі данышпан, өзі ғана билеп-төстеуші, өзім-өзім» деген сайтани сезімнің құрбанына айналады. Шынайы рахат, ләззат, қуаныш адами қасиет, ол оңайлықпен келмейді. Суретші жылдар бойы жазған картинасына көрмеге қойғанда ғана қуана алады, ғылым сарылып жазған еңбегінің нәтижесін көргенде ләззат алса, қарапайым еңбеккер өз еңбегімен
басқаны қуанта алғанына, күрделі істің шешімін тапқанына риза болады. Адами қасиет адамзат ұстанымының негізі.
Ұзаққа созылған вирус-дерттің салдарынан кәзіргі отбасының талайының өзі ұлттық санаға, діни тәрбиеге мұқтаж екенін айтпасқа болмайды. Ғасырлар бойы халқы- мыздың бойына сіңген ислам діні аса көркем мінез биязылық екенін санаға енгізіп, үлкен мен кішінің ара қатынасын, еркек пен әйелдің, әке мен баланың, көрші мен көршінің құрметпен сыйласа білуін қалыптастырды. Әрине, қазір біраз отба- сы бұл ұстанымнан айрылып қалды. Кей үйде дөрекі мінез, орыстан сіңген былапыт боқтауды естіп қаласың. Мұны көріп өскен ұл мен қыздың ертеңі тағы неғайбыл. Әр үйдің дастарқаны сол отбасы мүшелерінің бір арнаға ұю тетігі. Тап осы жерде әке бас, әйел ана боп болашағына ұлттық тәрбие беруге тиіс. Ол тек қана үлкенді сыйла дегенмен шектелмейді. Ол дәстүр туралы, дін, мәдениет туралы шексіз әңгіме. Кей үйге бара қалсаң дастархан басындағылар азан- қазан етіп қосып қойған теледидарға бар еңсесі ауып оты- рады. Сонда сол отбасының ағасы бала-шаға тәрбиелейтін соңғы мүмкіндіктен айырылып отыр. Біздіңше, тап сол сәтте теледидар әлемнің патшасы үйленіпті, не қызын ұзатып жа- тыр дегендей әлдебір сұмдық не кереметті көрсетіп жатса да, теледидар сөндірулі болуы керек. Бар қызығың бала-шағаң, соның тәрбиелі кісі болуы, соны ойламасақ болашаққа не кепіл.
Жөні түзу ақсақал болу да арман. Өткен жазда Жұ-мыскер ауылында сексен жылдық мерей той болып өтті. Бір қартты ел ақсақалы деп атауға бел буған бастамашы топ соған лайық адам таппады. Жетпістен асқандар жетіп жатыр. Біреуін ауызға алсаң – бұрынғы ұры. Бірінен сайтан судың иісі мүңкиді, не картожник, не бірді-бірге ұрған ғайбатшыл, не боқтампаз. Сонда әркімнің кемшілігін тап басып айтатын сықақшыл Сухибек ақсақал еске түскен. Осыдан он-онбес жыл бұрын осы елдегі молла болып жүрген бес-алты адамға бірер кемістігіне орай паравоз молла, сүйретпе молла, сыбызғы молла, тамшы молла, сүрепет молла, салпаңқұлақ молла деп атақ таққан екен. Енді қарап отырсақ солар жөн сөз айтқан, дінді уағыздаған әрқайсысы ауыл ақсақалы деген атаққа ие болатындай қарттар екен. Міне, осыған өкінгенбіз.
Құранның «Ғимран» сүресінде істеген жамандығын айтып мәз болатын, тырнақтай жақсылығы болса мақтанудан құлақ сарсытатын пенде адам емес, пасық деген сөз бар.
Біз кімбіз деп ойланайық, қариялар.
Осы жолдардың басынан бастап жасы үлкендерді «шал» деп арнайы атап келеміз. Бауыржан Момышұлы «ақсақал» деген құрметті атаққа кімдердің ие болатынын атап айтып кеткен. Өзінен басқаны ойламайтын, ісімен күлкіге ұшырап жүргендерді, үлгі боларлық жағдайы жоқтарды Баукең шал деген. Баукеңнің осы ұстамынан біз де оза алмаймыз.
Абайдың әкесі Құнанбайды аға сұлтан сайларда өзара сүзісіп,таласушы топқа қарап ақын Күдері қожа «Құнанбай... Көне арнаның ізі емес пе» деген екен.
Ел болам деген жұртттың іздегені сол көне арнаның ізі.
Иллаһим, соған жетейік.