18.05.2021
  375


Автор: Қадыр Мырза Әли

Сақал-мұрт пен Ұстара

— Досым, мінің көп тегі,
Мақтаса да сені жұрт.
Бізсіз күнің жоқ!— деді
Ұстараға Сақал-мұрт.
Болды сөйтіп масқара,
Орынсыз дау бастады.
Сақал-мұртты
Ұстара
Күзеді де тастады.





Пікір жазу