18.05.2021
  212


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қорыққанда

Көргеннен-ақ төбетті,
Ала салып күректі,
«Бұл ит пе, бұл батыр деп,
Бізге келе жатыр!»— деп,
Қорыққаннан балалар:
Құмар, Қасым, Дана бар,
Шығып кетті терекке,
Дүрс-дүрс етті жүректер.
Деді олар: «Бәйтерек
Болмағанда қайтер ек!»
Сөйтсе, босқа сасыпты,
Ит олардан қашыпты.





Пікір жазу