18.05.2021
  284


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ағаның әлдиі

(әні бар)

«Ақ мамаңа асықпа,
Апам малда, қашықта.
Ақтылы қой бағып жүр,
Алтын жұлдыз тағып жүр.
Атам болса пішенде,
Айқайлама, күшенбе!
Жылай беру күнә ғой,
Ал көзіңді жұма ғой!
Әлди-әлди, бөпешім,
Әлдилейді көкешің?»—
Жырлай-жырлай жалықтым,
Өзім де ұйықтап қалыппын.





Пікір жазу