18.05.2021
255
Торғайды атып
Бұл жолы кім қорғайды,
Бүгін тағы бүлдірдім.
Көздеп атып торғайды,
Терезені сындырдым.
Тентектердің, сөз десе,
Тілі қышып тұрмай ма?!
— Терезені көздесең,
Тиер,— дейді,— торғайға!