18.05.2021
  296


Автор: Қадыр Мырза Әли

Бұлбұл және оның иесі

Ту қадап төсіне
Қызарды күншығыс.
Айтты арыз иесіне
Тордағы әнші құс:
— Отырмын былтырдан
Босатсаң болмай ма?
— Босатсам, антұрған,
Мысық жеп қоймай ма?!
— Қожайын бұлтарма,
Қолдайсың бұзықты.
Әйтпесе, бұл торға
Қамар ең мысықты!





Пікір жазу