18.05.2021
265
Бас пен Тарақ
— Біз тұрғанда, о, бауырым, туысқан,
Басқаменен кезің бар ма сиысқан?!—
Деді Тарақ бурыл Басқа менменсіп,—
Менсіз сенің күнің құрсын ұйысқан!
— Бірте-бірте сиреңкіреп барамын.
Уақыт алып келмейді көп тарағым.
Таз болатын кезім жақын,— деді Бас,—
Күнің сонда не болады, қарағым?!