18.05.2021
239
Көктем шығып кетпесін
— Коньки теуіп үйренем,
Қиын дерлік несі бар!—
Күнде солай дегенмен,
Кәрім емес асығар.
Ағайындар көргенде
Айтады әзіл-өкпесін:
— «Үйренеммен» жүргенде
Көктем шығып кетпесін!