АРҒЫ ДА, БЕРГІ ҰЛЫ ЖҰРТ!
Өмір үмітке толы. Соңғы біраз жылдан бері әлемге деген қазақы танымды білейік, мақрұм қалған жұртымызға қайта ұсынайық деген ұмтылыстын көбейе түсуі қуантады. Көшпенділердің әлемге деген өзіндік ерекше танымы бол- ғаны аян. Ол болмаса көшпенді ұлы халық Еділ патшаның заманында европаны тізе бүктіріп, онан да арғы заманда Чу- кот-Аляскадан өтіп, Америка деп аталатын құрлыққа ие бо- лып қалмас еді. Бұл қыр-сыры мол, арғы да-бергі жұрттың ұлы құбылысы.
Сондай бір қуантарлық мақала «Қазақ күнтізбесі немесе шатастырылған ай аттары» деген материал. Иә, біраз жай- ды қамтыпты. Авторы Сағатбек Мұғалімжанның қа-зақы ай атауларын өз орындарына тура қойып жүрміз бе деп үлкен проблемалық мәселені көтеруі өте орынды. Кешегі орыс империясының бодауында жүріп, елден осы дұрыспа-бұрыспа деп сұрай да салмай, мысықтың көзін ашпаған баласындай сипалап жүріп қоя салған ай атаулары әлі сол қалпында сіресіп тұр. Мен, өз басым, әлем тану жөнінде қазақы пікір айта алмаған ғалымдарды айыптаудан аулақпын.Қазақы пікір айтқанның қандай «айыптауға» ұшырағаны белгілі. Сөйтіп қазақы ай жөргегінде тұн-шық-тырылды. Отырса басқа, тұрса аяққа ұрған ауыл ақса-қалдары жұлдыз бен айдың атын атап ұрпаққа үйретпек түгілі «пәледен машайық қашыптының» керінде жүрді. Сол жағдайдың сан куәгері болдық.
Сағатбектің июль айын шілде деп жүргеніміз жаңылыс деуі әбден дұрыс. Сол сияқты желтоқсанды ақпан деп атауы да көңілге қонымды. Июнь айын маусым деп атау өрескелдік екенін де білдіріпті. Маусым-маусымдық (сезондық) жұ- мыстар деген ұғым емес пе. Оны бір айдың атына таға салу танымның төмендігінің көрінісі. Ол айдың қазақы атауы тура- лы төменіректе тоқталармыз. Шілде де ай аты ретінде (июль) жаңылыс енгізілген дейді Сағатбек. Иә, июль-шілде емесі анық. Июльде қырық күн шілде бітеді.
Дегенімен де,осы материалда кеткен біраз қателіктер мен олқылықтарға тоқтала кетпесек қазақы танымды қалып-
тастырылған көшпенді бабалар алдында кінәлі боларымыз анық. Ондай күнәні арқалауға болмас.
Мақала авторы жаңа жылды наурыздың 22 күнінен ба- стаймын деп жұлдызды әлемнің бар құбылысын әр айдың 21- 22-не келтіріп, зорлап тықпалағандай еткен. Пенденің тілегі барда, әлемнің күшке көнбес заңды табиғи құбылысы бар. Наурыз жыл басы,біз де соны мойындаушының бірі-міз. Бірақ сүйретіп қосқан тазы түлкі алмас деген халық даналығын да естен шығармайық.
Наурыз халықтың асыға күткен ұлы қонағы. Асыға күт- кен қонақтың келедісі бар, келе жатыры бар. Қазақ На- урыз айын Наурыз күнінен бұрын осы күнгі жыл санаудың 15 мартынан бастай берген. 14-нен 15-не қараған күні қой құ-малағы қарға батып кетсе жықсылыққа санап, ырым ет- кен. Сол 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы ту-ды деп есептейді. Шынында да жұлдыз ауысады. Соның ертеңіне яғни, осы күнгінің 16 мартынан «Бес қонақ» бас- талған. Міне Наурыздың келедісі мен келе жатыры осы. «Бес қонақ» бес күнге созыған ауа райының құбылысы. Ол бір күн боран, бір күн сырғыма, қатты жел болып бес күнге созыла- ды да ай 20-і күні бітеді. Ертеңіне «Самарқанның көк тасы еріген» Наурызды Наурыз көк деген құс ала келген. Сөйтіп, Наурыз бір күннің ғана атауы емес, толық ай екенін айта кет- кен жөн. Қазақы күнтізбеде әрсайын осы күнгі григорианша санаудың 14-15-нен басталатынын білген дұрыс.
Сағатбек «Тоғыс есебіндегі қазақы күнтізбе» (кален-
дарь) болған деген пікір айтқан екен. Сәл жаңылыстау кет- кен тұстарына амалжоқ,тоқталамыз. Көне заман жұлдызшы- есепшілерінен бүгінгі бізге там-тұмдап зорға жеткен есебінің бір түрі осы тоғыс.
ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына түбірімен құрып кетті. Аштықтан тірі қалғандар белсенділердің қитұрқысынан шошынып, білгенін ұмытуға, ұрпаққа естіртпеуге тырысты. Бір тайпа елдің ақсақалынан тоғыс есебін сұрағанда «қарағым, есте не қалды дейсің» деп мұңайғанының куәсі болдық. Сонда да сол есептің жұрнағына іліктік. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін көш-пелі жұрт тоғыс атаған. Жаңа ай мен Үркердің біртіндеп жылжып жақындасып тоғысуы әр айда әрқилы күндерде өткен.
Тоғысу қаңтарда жаңа айдың тоғызында (9 тоғыс Үт айында 7 тоғыс (жеті жаңасы), Наурызда 5 тоғыс, Сәуірде 3 тоғыс, Ма- мырда 1 тоғыс (бұл мамырдың 17 күніне шамалас), Шілдеде
23 тоғыс, Саршада 21, тамызда 19, Қыр-қүйекте 17 тоғыс келе берген. Көшпенділер тоғысты күн-тізбе емес, ауа рай- ын болжау үшін қатты пайдаланған. Әсіресе бұл қыс айлары үшін аса керекті болған 9 тоғыс, 7 тоғыс деп ерекше ескеріп отырса, жазда 23 тоғыс, 21 тоғыс деп атап та жатпағанын білген жоқ. Осы жерде ерекше атап өткен жағдай 1 тоғыс мамыр айына келуі. Есепшілердің бір жүйесі жаңа жыл есебін осы бір тоғыстан есептеуге бейім болған. Сөйтіп, мамырды қарашамен, сәуірді қазанмен, наурызды қыркүйекпен, үтті тамызбен қауыштырған. Тоғыс есебі, негізі ауа райын бол- жау есебі болғанын айта кеткенді жөн көрдік. Сағытбек дұрыс айтады «Сәуір болмай тәуір болмайды». Ұлы Абай «Сәуірде көтерілер рахмет туы» деп аса ризадық білдірген ай осы сәуір. Оны көкекпен шатастырып қайтеміз. Алтай мен Еділдің арасындағы ұлы далада бұл уақытта көкек шақырмайды. Ол, әзірше келе қойған жоқ. Жоққа жүйрік жетпейді. Және де Сәуірдің осы күнгі жыл санауындағы апрельдің 14-нен ба- сталатынын мойындаған абзал. Мартта жаз жұлдызы туса,
сәуірдің осы күнінде осы жаз бұлты шығып, бөлек-бөлек отау боп көк жүзін кезеді. Үш күннен кейін даланың адал құстары қаз-үйрек т.б. жұмыртқа салады. Көкектің шақыратын айы
–негізінен мамыр. Автордың мамыр атауын өзін-өзі өлтірген
қыздың атына байланыстырылуы (қазақ ондай сұмдықты құрметтемеген ел), Шәкәрімнің Қалқаман-Мамырындағы Мамырдың есіміне орайластырылуына ыңғайсыздау. Шә- кәрім қажының Мамыры кешегі күн ғой,ал қазақтың ай атауы көне дәуірде жатыр.
Әр айдың басын 22 күніне тықпалаудың салдарынан май мен июньнің қамтитын ай сарыатан-зауза болып шыға келіпті. Тағы да айтамыз, көшпенділер атауларын ертек- ке байланыстырмаған (орыста ғана ойдан шығарған Ильин день, Петров день, Рождество бар), керісінше қазақ ай атау- ын табиғатпен тікелей орайластырған. Көшпенді елде Шілде деген ай бар. Қырық күн шілде дегенді Сағатбек те айтады., Үркердің сол шамада көрінбейтіні де еске алады. Әттең сол 40 күннің Үркерімен тікелей байланысмын аша алмаған.Тағы
да шілде аптабының аяқталуын 22 санына в зорлап апару бар. Үркердің жылдың қай мезгілі, қай күнінде « жататынын» айтпасақ тағы бір ертек болады.
Қырық күн шілде Үркердің жерге түсуінен басталады.Бұл осы күнгі жыл санаудағы Мамыр айының 30-ы күніне дәл келеді. Арада 4-5 күн өтеді. Бұл күндерді көшпенділер Үркер ұясына орнықты деп санаған. Сонан кейін Шілденің ыстығы басталады. Бұл айды ел Шілде айы деп аталады.Осы күнгі күнтізбедегі Маусым атауы түбірімен қате. Үркердің бату кезеңінде «Үркер шалшыққа батса (яғни жаңбырлы болса) жаз жаңбырлы болады» деген болжау бар. Шілденің ыстығы келесі айдың 15-16-сы шамасында Үркердің қайта тууымен бітеді.
Көшпенділер ауа райының құбылысына Үркердің әсе-рі барын қатты бақылаған. Үркердің шалшыққа батуы, Үркердің толғағы (қайта туғанда), қыста осы күнгі январь айындағы Сары аяз (қыс шілдесі).
Үркердің аууы (3-5 февраль. Бұл күнде ауа райы өзгереді) Үркердің жамбасқа түсуі (7-8 марттағы жылымық), бәрі на- зардан тыс қалмаған. Тоғыс есебі де Үркермен жүр-гізілгенін еске алайық. Біздің туысқандарымыз Америка ацтектері жыл басын Үркердің жазда қайта тууынан бастауы да тегін емес. Мақала авторы Саратан-Зауза деген қателікке ұрынып, келесі айды «Отамалы» дейді де, ар жағында Сарша-Тамыз деген қазақы ұғымдар қоса тіркейді. Әуелі, осы Отамалы де- ген қазақы, ұғынықты сөзге тоқталайық. От, яғни малдың отауы, оның амалы жаздың ортасында, қиындықсыз кезде тумайды. Наурыз күні өткеннен кейінгі аптанын соңында Құс қанаты деген жапалақтап қар жауған амал өтеді. Ұлы далада қырқаның жотасы қарайғанмен, айналаны жапқан қар сіресіп жатыр. Осы күнгі жыл санаудағы сәуірдің 4-5 соңғы бораны өтеді, сонан соң қар күрт жібіп сала береді де малдың өрісі кеңейеді. Көшпелі ел тап осы соңғы бо- ранды Отамалы деп атаған. Мұны жаздың ортасындағы бір айғы апару үлкен қателік. Сарша, Тамыз осы күнгі жыл санаудағы июль, август айларына келеді. Сарша сөзі исі казаққа түсінікті. Жаз ортасы ауып, жасыл желекті айна- ла сарғыш реңге ене бастайды. Тамыз сөзін үнді-парсыдан іздеудің қажеті шамалы, бұл айда жеміс-жидек, қарақат-
бүлдірген тамылжып, мөлдіреп піседі. Тамыз сөзінің түбірі – тамылжу. Үнді мен гректің (сириус, сотиус) Сүмбілені қалай атағанында жұмысымыз жоқ. (Біз қазақы танымды іздеп отырмыз), мәселен бұл айда Сүмбіленің тумайтынында. Көшпенділер «Таразы туа таң суыр» дейді. Бұл айда туар жұлдыз Таразы. Үш бұрышты шоқ жұлдызды жоғарыдағы жұлдызынан іліп қойған тәрізді, кешке бір басы төмен түсіп тұрса, түн ауа екінші басы басып тұрады. Таразыдан соң айға жуық уақытта Үш Арқар көрінсе, Сүмбіле қыркүйектің 21-23-і аралығында туатын жалғыз жұлдыз. 23 қыркүйекте күн мен түннің теңелуінде ұмытпайық. Мал баққан көшпенді ел «Сүмбіленің суы жүріп пе?» деп сұраған. Сол күндері жаңбыр болып өткен жердің көдесінің түбі көк болады деп, қыста жылқыны сол жерге тебінге салған.
Бұл жерде айта кететін бір мәселе, аспан әлемі туралы
жазуды ниет еткен талапкердің қай-қайсы болмасын көгілдір көктің қай жұлдызынан кейін қайсы, қай мезгілде туатынын анық білген жөн. Өзіміз шала біліп, онсыз да аспанға үңілуден гөрі картаға қарауға машықтанған жұртты шатыстыруға бол- мас.
Таразыдан соң туар ай Қыркүйек. Ұлы даланың қыр жағында өмір сүретін халықтың мал шаруашылығы байла- нысты, қырда салынатын күйекке орай ай аты да қойылған. Қойынан төл алуды көздеген, талай ғасыр осы даланы мекен еткен халық 22 февраль мен 22 март арасында малынан төл алуды ойластырмаған. (Егер сыр бойы болса сөз жоқ). Қырда бұл уақытта атақты сан боран бар. Малына қора салмай, ықтырмада ғана ұстап, сан мыңға ие болған бай жетерлік. Арқаның Тағылы-Бұғылы сияқты қысы қатты өңірінде ғұмыр кешкен бір ғана Ботбай байда 20 мыңнан аса қой болған.
Февраль түгілі марттың 20-нан кейін, Отамалына дейін ықтырмада қоздаған қойдан ешкім төл ала алмас еді. Қошқарға күйекті түннің сууына байланысты байлаған. Түн суи қой қашатын шақ болады. Жобаға «Таразы туа таң суыр» деген август айының орта тұсы алынып, қошқарға күйек байланған. Күйек қарашада алынған. Міне осы ша- мада ұрықтанған қой апрель (сәуір)-дің орта тұсында жапаай төлдей бастайды.
Шаруашылықтың жиын-терін айын ел Қазан қойса, Сары күз, Қоңыр күзден соңғы айды Қараша атаған екен. Қарашадан қараған түбінде қар қалса, тоқшылық қыс бо- лады деп болжам жасаған. Қазан айының Ақырап деп те атаған. Ақыраптың алты күнінде (15 пен 25 арасы) қыстың алты айын болжаған ерекше ырым да бар. Қарашаның 17-18 қарашаның амалы бар. Ол кейде боранды, кейде жаңбырлы өтеді. Қарашаның амалы өте халық «Бүрме» салған. «Бүрме» деп сойылған қойды жіліктеп,өз терісіне орап тастауды айтқан. Шаруашылық әліне қарай 20-дан 50-60 дейін бүрме жасалған. Бүрме бас тартылуы қажетті қонақ келген сайын ашылып отырған. Қараша айының соңында Қамбар жұлдызы туады. Орыстар Козерог атап жүрген бұл жұлдыз шоғын біздің білгіштер Ешкі мүйіз атап жүр. Өткенде теледидар- да «Алтын сақаны» жүргізуші Санжар Керімбай «Қамбар» дегенді атап қалды. Тек соның Ешкімүйіз атанып жүргенін біле ме екен.
Ақпан атақты Теке бұрқыл боранымен, Қаңтар қыс шілдесі,
Сары аязымен белгілі . Онан кейінгі ай Үт. Әзірге біз оны ақпан деп шатасып жүрміз. Үт сөзін парсының «Худ» сөзінен іздеушілер де бар. Бұл енді, қазақы танымнан айырылып, қалғанымыздың көрінісі. Осы айда күн жарығы молайып, терезеден түскен ақ сәуледе тозаң тәрізді ақ ұшқын ұшып жүргендей көрінеді. Осы ақ сәулені қазақ «үт» деп атаған.
«Үт кірді, құт кірді» деп жұрттың ірі қарасы төлдеп, елдің ауызы аққа да жарай бастаған. Ұлы даланы мекен еткен әр аймақта әр айда болып өткен уақиғаға байланысты, сол айға қосымша ат таға салуы болған. Ақпан-Тоқпан әңгімесі соның бірі ғана деп қарастырған жөн болар. Бұл айдағы бар қазаққа белгілі қыс амалы февралдің 17-23 арасында өтетін
«Бөрі сырғақ» бораны. Осы боранда даланың көкжалдары жұптасып 62 күннен соң қасқыр бөлтірігін туады.
Өз атауын таппай жүрген тек ай мен жұлдыз атаулары емес, жыл атауларында да кездеседі. Мешін – деген жыл- ды қазір маймылға апарып жүр. Біздің жас кезімізде көне көз қариялар «Мешін» адамның азғыны, кісі киік деп атау- шы еді. Бүгінгі тілмен айтқанда бұл «Қар адамы» Сол сияқты
«доңыз» жылын жылды арамға бұйырмай «Қара киік» деп атаған. Осылай атасақ жастардың көңіліне адалдықтың сәу- лесін себе түспес пе едік.
Бекболат Тілеуханов теледидардан жүргізген «ай, жұл- дыздың атаулары» туралы хабар да, ақын-жазушы деген біраз адамның дәл тауып, дәлелді сөз айта алмағаның куәгер- көрермені болдық. Қанша сүйресе де Бекболат діттегеніне жете алмады.
Жұрттың білгісі келеді, кешегі ұлы көшпенділердің бүгінгі ұрпағы нақты тоқтамға келгісі бар. Бірақ осыған тұжырым жа- сар бір билікті орын көрінбейді. Тоқтам сөз айта алмадыңдар деп ғалымдарды сөгуден аулақпыз. Дегенмен осы мәселелер жөнінде пікір айтып жүрген, айтамыз деген ойы бар қазақты жинап, басымызды қосып, тұжырым сөз айтар уақыт жеткен сияқты.
Біз мемлекеттің идеологиясы жоқ дейміз. Мемлекеттік идеология халықтың ұлттық танымынан шығады. Ұлттық таным халықтың көкірегін ашады, ұрпақтың өз ұлтына де- ген мақтаныш сезімін арттырады. Ұлттық намыстан елін қорғайтын ерлер туындайды. Осы жағы бізде әлі жетпей жатыр.
Ұлттық танымның жоқтығынан, оны білгісі келмейтін, не осы туралы жазған газеттегі ой-пікірдегі шала оқитын (не мүлде оқымайтын) әйтпесе орысша танымға мүдделі болып отырған қазақ газеттерінің аты қазақ журналистері Үркерді – Бикеш, Үш арқарды – Саршаян, Қамбарды – Ешкімүйіз деп әлі жазып жатыр. Біз осы Тәуелсіздіктің нешінші жылында өмір сүріп отырмыз.