
ЖҰЛДЫЗДАР ҚАЗАҚЫ ТАНЫМНАН НЕГЕ АЛЫС ЖАТЫР?
Құпия сырға толы аспан тұңғиығына үмітпен де, қауіппен де қарамаған адам болмаған шығар. Сол аспан әлеміне ерек- ше үңіле білген, тіршілігін сонымен байланыстырған халық – мыңғырған мал өсірген көшпелі ел. Қыстаудағы қойдың күзеті-ит-құстан амандау үшін түні бойы жылқы баққан азамат ғасырлар бойы өзінің аспан әлемі туралы танымын жырдай қылып келесі буынға жеткізіп отырған. Бір ғана Жетіқарақшы туралы аңыз, олардың Үркердің қызын ұрлап алып, енді Темірқазыққа арқандалған ақ боз ат пен көк боз атты жымқырып кету үшін аңдуы, таң атып қалып, аттарды қолға түсіре алмауы туралы әдемі ертегісі кімді ұйытпаған. Мұндай тамаша аңыз қазақтан басқа еш халықта жоқ. Осы жерде тағы бір айта кетерлік жай егер Жетіқарақшы арқандаулы екі атты «екі жұлдызды» ұрласа ақыр заман болады деп түсінеді халық. Бұл да бір болашақты меңзеген терең түсінік болса керек.
Әттең, осындай аспан әлемі туралы ғажайып түсінік, таным тудырған халықтың дүниетанымына аяусыз балта шауып жа- тырмыз. Жұлдыздардың қазақы атауы жөнінен қанша жазсақ та бір жағына қисайып алған неше түрлі га-зетте істейтіндер (оларды журналист деуге ауыз бармайды). Үркерді орыстың Девасынан аударып Бикеш деуден бір танбайды. Бүлінген жалғыз бұл атау емес. Оу, бұларың қалай, біз тәуелсіз ел емес пе едік, жастардың санасын неге бүлдіріп жатырсыңдар дейтін, «әй дер әже жоқтай».
Қолымызға түскен мектепте оқылатын Астрономия пәнінде берілген аспан әлемінің картасы осы уайымымызды күшейте түскен. Иісі қазақтың құлағына әбден сіңімді болған Жетіқарақшыдан басқасын әбден былықтырып бағыпты. Темірқазыққа байланған кіші қарақшыны орыстар Малая Медведица деуші еді, біз «озық» жұрттан қалмайық десе ке- рек оны Кіші аю деп-ақ жіберіпті. Дәл төбеде, осы Қарақшы
жұлдыздарын маңайлай орналасқан, қазақ Қара құрт деп атаған жұлдызды батыс Кассиопея десе, батыс елінің Лира шоғын қазақ Өрмекші деп атаушы еді. Жұлдыздар карта- сын жасағанда өздері білмесе, ең болмаса кім бар еді ау деп сұрау салмағаны ғой. Ендігінің ғалымының ісі осылай болар ма. Абылай хан қарғыстың жаманы «өзің білме,білгеннің тілін алма» деген екен.
Қазақ бір шоғыр жұлдызды «Үш арқар» деп атайды, оның соңына ерген жалғыз жұлдыз Сүмбіле деп бар газетке біз тіліміз жауыр болғанша жазып келеміз. Сөйтсек те кей газеттегілер Үш арқарды орыстың Скорпионынан алып Сары Шаян деуден бір танбайды. Ал, бұл жолы Үш арқар мен Та- разы бір ақ жұлдыз деп көрсеткені аспанға қарап өскен ауыл қазағының езуін жыйдырмас күлкі ғой.
Зодиактың он екі ай жұлдызының қазақы танымға сай атаулары осы оқушыларға арналған аспан әлемінің карта- сында орысшадан, әлгі «сенің арқаңда күн көріп жүрмін – на твоем спине солнце вижу» деп орысшалағандай орыс- шадан қазақшаға аудара салғанмен жүр. Су құюшыны қазақ Көнек, Мергенді (Стрелец) Садақ, Ешкімүйізді (Ко- зерог) Қамбар, Бикеш «Дева) Үркер, Егіздерді (Блезницы) Қосақ деп атайтынын, олардың солай аталуының табиғат құбылысына аса байланысты екенін сан жаздық. Сонда да осы біздің газеттегілердің, онан соң мына жұлдыздар кар- тасын жасағандарды қырсық жанағандай қазақтың дү- ниетанымынан безе қашады. Ал, сонда қазақ баласын қазақ етуді біз көздейміз бе, мақсат тұтамыз ба деген сауал еріксіз туады. Қазақ Республикасының оқу министрлігі, ондағы мүйізі қарағайдай білікті мамандар, ғалымдар ай қарап жүр ме екен. Әлде жыл сайын министр айырбасталып, бәрі соның әбігермен пұшайман ба?
Осы жұлдыздар картасынан жаз бен қыстың ара жігін ашқандай болып көрініс беретін Босаға жұлдызын таппадық. Сол сияқты Қосақтың (жұлдыз аты Қой қосақтайтын Қосақтан шыққан) маңындағы ромбикті еске түсіргендей қазақ Шетен (қой қамайтын орын) атаған жұлдыздар шоғы да ілікпей қалған. Картада тағы бір жұлдыздар шоғырын Ве- роника шашы деп атап ақ жіберіпті. Мен білетін қазақ оны Құлын жал деп атайтын тәрізді еді.
Біз ұрпақты қазақ рухында тәрбиелегіміз келсе мұның бәрін ұсақ-түйек деп қарамай, жеткіншек санасын бөтен ұғыммен уламай, қазақы дүниетанымды көкірегіне қондыра білгеніміз жөн.