18.05.2021
  285


Автор: Кәмел Жүністегі

ҮШ АРҚАР - ШАЯН ЕМЕС

Филология ғылымының докторы А.Шәріптің аспан әле- мінің шырағдандары туралы біраз қазақты ойландыратын ізденісімен таныспыз. Құптарлық ізденіс. Құптайтынымыз да,қуанатынымыз да әйтеуір қазақтың бір азаматының «қа- зағымның атауы осылай болса екен» деген ақ үміт тілегі. Аспан әлемі туралы біз де біраз қалам тартқан едік. Енді өз пікірімізді ортаға салайық.


Ауылда жатқан бұл қазақтың қай пікірі деген сөз ту- масын. Тағдыр айдап, халық жауы болып ел шетінен тыс- қары шығып кеткен сонау 1962-66 жылдары саяси лагердің төрін бермес қонағына айналған (лагерде 33 жыл отырған) Құнанбай Бейсенұлымен дәмдес болуға тура келген. Құне- кең ақсақал жиырмадан жаңа асқан бізге өзі білетін аспан сырын ұқтырып бақты. Қалғанын елге оралған соң көнекөз қариялардан көңілге тоқыдық. Сонымен А.Шәріп жазғандай


«орысша шоқжұлдыз» аттарының «көнелігі көзге басыла- ды...


... ежелгі славян дәуірлерінен тамыр тартқызады» де- гендей таңдай қағатындай ештеме де жоқ, қайта сол мұ- жығыңыз Алтын Орда заманында ғаламның талай сырла- рын бізден алғанына еш күмән жоқ.


Алтайдан Карпатқа дейінгі Ұлы Даланы ендікпен де, байлықпен де кезген көшпендінің ұлы сан ғасырлар бойы мыңғырған мал өсіріп, байлықпен ғұмыр кешкен. Мыңғырған мал өсіру үшін де аспан әлемінің бар сырын, жұлдыздардың атауын, солардың тууы мен ауысуына орай болатын ауа райының құбылысын жете білген. Сол көне қазағыңыз ор- маннан шыға алмай, аспан әлеміне қарамақ түгілі биік ағаш арасынан басы айналып, әр жерге түртінектеп егін салғаннан аса алмаған мұжықтан гөрі еркін де болған, самал желмен тербеліп, бар әлемді әнге қоса білген.


М. Исқақовтың да, Ж. Баласағұнның да, Әл-Фарабидің де аспан әлемі туралы еңбектері маған да таныс. Ал, енді А. Шәріп ұсынған Зодиак жұлдыздарының тізбесін саралап көрейік. Ол Қозы (Овен), Үді (Телец), Ерентұз (Близнецы),


 


Қушық (Рак), Арыстан (Лев), Бидай басы (Дева), Өлкі (Весы), Шаян (Скорпион), Сұрмерген (Стрелец), Ұғылақ (Козерог), Көнек (Водолей), Балық (Рыбы) деген тізбені ұсынған.


Қозы (арабша хамал) атауына ешкімнің жоқ таласы. «Үд» қалай болар екен. Қазақ ұғымында осы күнгі европа февраль деп атап жүрген ай аты «үт». Қазақта екінші атауы бар, ол


«сүт». Ал, осы февраль айында терезеден түсетін сәуледе аппақ шаң сияқты тозаң ақ сәуле болып жарқырап жүреді. Мұны қазақ сүттен айырып «үт» дейді.Ана «Балықтар» деп жүрген шашыранды жұлдыздар да ел ұғымында сол «үт»


«Близнецы» деген жұлдыз шоғырын мал баққан қазақ


«қосақ» дейді. Кәдімгі қойларды қарама-қарсы қойып матаған қосақ. Бұл жұлдыздың екі қатар болып қарсы тұру кейпі де қосақтан аумайды. Міне, осы тұста С. Қожановтың


«Ай» меңді қара қой атауы ұғымға дұрыс келген. Солай десек те жұлдыз атауы «Қосақ» екені дала қазағына аян. Мақалада ұсынылған «Ерентұз» атауы еш жобаға келе қоймайды.


Европаның «Рак» дегенін «Қушық» деп берген екен. Нағыз «Шаян» осы жұлдыз. «Қушық» ел ұғымына жаттау екені көрініп тұр.


Арыстанға ешкім дауласа қоймас. Ал, орыс «Дева» деген жұлдызды біздің асфальтта өскен журналист қауым «Би- кеш» деп елді күлкіге батырып жүр. Бұдан сорақы атау бола қоймас. Бұл жұлдызды Ж.Баласағұн «Бидай басы» атағанмен жалпақ қазақ «Үркер» дейді.


«Жеті қарақшы Үркердің қызын ұрлапты» дегендегі Үркер осы. Үркердің «қызы» жеті қарақшының екінші жұлдызының үстінде тұр.


Қазақта «бөлек туып бірге батқан үш жұлдыз» де- ген тіркес бар. Ол осы Үркер, Таразы, Үш Арқар шоқжұл- дыздары. Үшеуі де жылдың әр мезгілінде туғанымен мамыр айының жиырма тоғыз, отызы шамасында бір күнде жерге кіріп, қырық күн бойы көрінбейді. Сонан соң Үркер Сар- ша айында (июль), Таразы тамызда туады. Таразыны Өлкі деудің де қисыны жоқ. Таразы сөзі қазаққа ғасырлар бойы сіңісті ұғым. «Өлкі» деп тағы бір күлкіге ұшырау ретсіз бо- лар. Ал, орыс «Скорпион» дегенді А. Шәріп орыстан дәл ау- дарып «Шаян» депті. Қазақ қай заманнан бұл шоғырды Үш Арқар атап келген. Осы жұлдыздың соңындағы бір жұлдызды


 


«Көгалдай мергеннің шақпақ тасы» дейді. Ал, онан арғы жалғыз жұлдызды «Сүмбіле» атаған. Ел ішінде «Сүмбіленің суы жүріп пе екен» деген ұғым бар. Ол Қыркүйек айының 23-25 шамасына келеді. Сүмбіленің суы жүрсе көде түбі көк болады, малға от мол болады дескен.


Ендігі шоқ жұлдызды Сұрмерген (Стрелец) депті. Бұл да жасанды. Ел «Садақ» дескен жұлдызды Әл-фараби де


«Садақ» деп жазыпты. Аспанға қанша үңілгенмен Петр Первыйдың Стрелецін көре алмаймыз. Керісінше үңіле білгенге аспанда Керулі Садақ тұр. Жасанды атау таққаннан гөрі сол жұлдыздық аспандағы кейпіне де бір үңіліп қараған жөн сияқты.


Орыс «Козерог» деген жұлдызды «Ешкі мүйіз», «Тау теке» деп сан құбылттық. А. Шәріп «Ұғылақ» депті. Сөйтіп, А.Шәріп те ешкі ұғымынан әрі кете алмапты. Көкте «Лақ сүмбіле» де- ген жұлдыз бар. Лақ сүмбіле туды, лақ пісті, жеуге келеді дейді ел. Ол жұлдыз Үркер мен Таразының арсындағы кішірек жалғыз жұлдыз екенін де білген дұрыс.Мал баққан көшпенді аталарымыз бұл шоғырды «Қамбар» атаған. «Қамбар» жылқының пірі. Бұл шоғыр қараша айының ортасында туады. Осы уаққа дейін жылқының ішіндегі төл көлденең түсуі ке- рек. Кей жылдары осы жұлдыз туа жаңбыр жауып, шөп басы- на мұздан сырға тағады. Оны жеген жылқының ішіндегі төлі көлденең түспесе, мал іш тастайды. Міне, бұл жұлдыздың


«Қамбар» атануы осы себептен. Сонымен бұл жұлдыздың атауы Козерог та, Ешкімүйізде емес, «Қамбар».


Көнек (Водолей) дұрыс атауын тауыпты. Аспанға үңіл- сеңіз көнектің аузын көресіз. Ал, Балық біздіңше атауы «Үт» екенін жаздық.


Сонымен Зодиак жұлдыздарының тізбесі былай болу ке- рек. Қозы, Тана, Қосақ,Шаян, Арыстан, Үркер, Таразы, Үш Арқар, Садақ, Қамбар, Көнек, Үт.


Мақалада жазғандай «қазіргі қазақ тілін байытаты- ны-мызды былай қойғанда, біз көне мәдениетті ел болып» көрінеміз деп, жасандылыққа барудың қажеті жоқ. Біз қазақтың өзінде барын өзіне, адасып қалған ендігі ұрпаққа береміз. Біздің көне мәдениетімізді дұшпандар ғана кө-ре ал- майды. Мақала авторының осындай проблеманы кө-терген ізгі ниеті қуантады. Оның мектептерге арналған «Астрономия» оқулығына Зодиак жұлдыздарының қазақша атауларын енгізейік деуі құптарлық ұсыныс.





Пікір жазу