18.05.2021
307
Домбыра мен бесік
Баба қазақ кебісті
Тас қапасқа өшікті.
Іздеймін деп кеңістік,
Кентін тастап көшіпті.
Батыр қазақ қылышты
Белін қашан шешіпті?!
Іздеймін деп тыныштық,
Түзін тастап көшіпті.
Ақын қазақ Азаптың
Бәрін тастап көшіпті.
Іздеймін деп азаттық,
Тауын тастап көшіпті.
Бәрін тастап Осы күн
Жеткен ұлы мұратқа.
Домбыра мен бесігін
Тастамаған бірақ та!