18.05.2021
  202


Автор: Қадыр Мырза Әли

Әжейлердің өркеші

Тұлымды да кекілді
Тату үйдің еркесі:
Немерелер Секілді
Әжейлердің өркеші.
Көрмегеңдер өкінді
Келінінің көжегін.
Бағасы пәс секілді
Өркеші жоқ әженің.
Жырқұмарлар іңірде
Жиналар от басына,
Өркештерін бір-бірден
Қойып қойып қасына.
Жылуы мен шуағы
Мәңгі өшпейтін ошақта.
Ұйқтап олар шығады
Өркештерін құшақтап.
Жас отаудың шырағы,
Жарқыраған шамы әрі:
Ол өркештер тұрады
Екі-үш жылда жаңарып.
Боз қыраулы жауынды
Бар ғой талай межелер...
Өсіретін ауылды
Сол өркешті әжелер.





Пікір жазу