Көшің қайда барады?
Қасиетті мекен, туған жер көкейге оралғанда жықпыл- жықпылы ағашқа толы биік таудың басына шығып, жа- нындағы қос тазыға көз қиығын жүгіртіп, бөтегесі жел- біреген, селеуі теңіздей толқыған далаға жанарын іліп, санасы сағымға сіңіп, бөркін алшысынан киген аттылы қазақ көз алдына келеді. Ол гүл-бәйшешектің неше түрлі дәруі сіңген шипалы саумал қою ауаны сүйсіне жұтады, мына жалғанның қызығына тоймаған жүзінде рең тұрады.
Иә, саумал қою ауа дейміз. Ол кешегі біздің балалық шағымызда, жігіт жәлең кезімізде көріп, көңіл сенген шын- дық. Мынаның шет-пұшпағын көрмеген бүгінгі жас сенбеуі де мүмкін. Бүгінгі ауа өңеш жыртардай қатқыл, кебір дем- сек оны түйсінбеген біреулер өзінің өңешін жыртар деп те қаласың. Бірақ шындық солай, жаның сезгенді айтпау, халыққа жеткізбеу күнә.
Бүгінгі күнде күрт өзгеріп бара жатқан экологиялық жағдай адамзатты қатты алдаңдатып отырғаны баршаға аян. Қара аспанның көгі жыртылыпты деген не сұмдық? Сол азоны жыртылған тесіктен қатерлі сәуле жер бетіне құйылды дегенді естігенде мәңгүрт біреу болмаса, азамат- тың ұрпақ үшін жүрегі дірілдеген шығар. Табиғаттың осы біздің заманымызда осыншама бүлінуін айта келіп жазушы Распутин заманның ақыры деген көне түсініктің өзі шетін көрсетіп қалды деп жазады.
Біз, қазақтар, тірлігімізге, бүгінгі әйтеуір ішер ас бар- лығына шүкіршілік етіп үйренген халықпыз. Шүкіршілік ете білу, қонақжай, мейірманды болу талай елдің қолы жетпей
жүрген жағдай екеніне қуанасың-ау, ол тілегінің түбі қайыр болар дерсің де. Ол әрине, өз отырған мекенім – қара орма- нымды өрт шалып, қара аспанды суға алдырмаған кезде дұрыс шығар. Ендігі жағдайда, табиғат бүліншілікке ұшырап отырғанда «шүкіршілік» ете қояр ма екенбіз. Ол, бәлкім,
бейшаралық та болар еді.
Озық елдер табиғатты қорғауда бар күшін салып жатқандай. Оның ең бір жақсы көрінісі қорықтар екен. Біз ен даланың тіршілік байлығын сақтау үшін осы мәселені әлі де жөні түзу қолға алып отырғанымыз жоқ. Арқаның ең бір шұрайлы жері осы Жезқазған облысында орналасқан. Әсіресе Арқадағы Тағылы тауы Арқа мен Шөлдің қақпасы тәрізді. Шөлдің киігі осы жер арқылы өтсе, онан әрі таулы аймақтарға бойлап бармайды. Біздіңше осы Арқа мен Шөлге бірдей Тағылы тауын екі аймақтың да жан-жануарын сақтау үшін үлкен қорыққа айналдыру керек. Уақыттың адамзат- ты қысып-қысып бара жатқанын түсінетін шақ әбден жетті. Етікті қоншысынан басып, «Ә, бірдеңе болар, жау келділеп» деп жүрудің қылмыс екенін түсіну керек, түсінгісі келмеген- дер жылы орын, жайлы қызметті босатқаны жөн. Халық осы- на талап еткенін тілер едік.
Ұлы Абай «қазақты құртқан «әрине»» деген екен. «Әрине,
сөзің жөн» деп бойын сыртқа салып, ішінен қас-көйлігін аямаған басшылар Көктің көлді құртты. Көз жасының там- шысындай мөлдір, ел сүйсініп атын Көктің көлі атаған табиғаттың інжу-маржаны енді жоқ. (Біз миллиондап адамды қыруға дағды алып қалғанбыз.) Ол туралы ешбір экологиялық комитет сөз етпейді, ең кереметі осы облыс жеріне жаны ашыр облыстық табиғат қорғау комитетінің де жоспарына
«Көктің көлін қалпына келтіру» деген сөз ілікпеген.
Жоғарғы Қайрақты кенішіне Майшорадан (оны мәң- гүрттігіміз жететін біз Машуран деп жазып-ақ жүрміз) су тартылып жатыр. Осы істің басындағы инженер Райскиннің айтуына қарағанда Майшорадағы жер асты суы аз-мұздап алғанның өзінде 20 жылға ғана жетеді екен. Сонан соң Шет, Нұраталды совхозының жері қылтанақ өспейтін қу тақыр болмақ. Ар жағы...
Кен табылып, кеніш ашылып жатыр дегенге қайран даланың талқан-талқан болғанынан запы болған жүрек шан- шады. «Әй, табылмаса, ашылмаса екен» деп іштей тілейсің. Қырылудан аман қалып, қалт-құлт еткен заманда Ақшатау сияқты кеніштердің тірі қалған жұртқа нәпақа болғаны рас. Бірақ ол заман кетті ғой, ол біз үшін өткен шақ. Ендігі тірлік сол радиацияның тұтқыны боп отырған елдің ендігі қамы.
Ақшатау поселкасын көшіру 1993 жылға қалыпты дегенді естігенде «не деген безбүйректік» дейсің, халқыңның момындығына өкінесің.
Қайран даланың реңін кіргізіп тұрған қасқа бұлақтардан бұл күнде емге су таппайсың. Шілденің айында шымның астында қарыс-қарыс мұз жататын Мұздыбұлақта бұл күнде қанып ішер су жоқ. Жоғарғы Қайрақтының маңындағы жаз ортасында аттылы адам өте алмайтын Былқылдақ деген кең алқап болушы еді. Жалаң аяқ басқанда жып-жылы сазының арасынан шұрқылдап газ шығып жататын сол Былқылдақтың кез-келген тұсынан бүгінде машина шаң қаптырып өтеді.
Қазақ халқы замана бойы «Көк теңіз» деп сүйсіне атаған Балқаш көлінің суын толықтырушы Тоқырауын өзенінің бүгінде жылап ағып (мүмкін адамзаттан түңіліп жыламсы- рап) құрдымға сіңіп жатқаны ешкімді толғандыра қояр ма. Толғандырса оның үнін ел неге естімейді.
Мыңғырған мал айдаған ата-бабалар сол өзеннің бойын- дағы Ту көде деген жердің бар малын жауып, бөтегесінің мұртын сындыра алмапты. Сол ел шалғынға сүйсінген атам қазақ сол өңірді «Ту көде» деп аялап атап кеткен екен. Бүгінде сонда тіс шұқитын жөні түзу шөп жоқ десек артық болмас. Тап көше Қарабұлақ совхозының қырық мыңға жуық қойының қысы-жазы өрісі болған, ішінен аттылы кісі адасқан Бас ши, Аяқ шидің орнында өрт шалғандай бұрқ-бұрқ қорда жатыр. Осыған жаны ашитын ел басшысы қайда, әлде ол бүгінгі «жоспарды» орындап, орден қуып жүр ме.
Осы ғасырдың басында Нұра өзенінің жағасын паналаған Тұрлау ақсақал өсіп берген сиырының саны үш жүзден асқанын, соның қыс қорасы да, жаз азығы да қалың ши, ши ішіндегі қияқ болғанын әдейілеп сан айтқан еді. Ырымға қияқ жоқ, ши орнында итсигек ғана тұрған сол өңірдің келбетін елестету де қиын, келер ұрпақ сол даланың ғажайып бай болғанына сене ме. Сенбесе тас тістеп, шаң жұтып өскен ендігі ұрпақтың табиғатты бүлдіре түспесіне кім кепіл бола алады.
Сонау елуінші жылдардың ортасында «тың» деп шап- қылап алаөкпе болып жүріп, бір күндік алаөкпе саясатқа қарсы шыққан жұрттың басына бұлт үйіріп жүріп, тіл шұ-
барлығына әкеліп соққан дархан елдің мәдениетінің ендігі өсуіне тұсау болған, табиғатымызды экологиялық тұйыққа тіреген жағдайға тап болдық. «Тың игерген» деген медалға қазақтың «жер-суым» дейтін қасиетті сезімін айырбастап алдық, жылтыраққа үйір баладай сондай бірдемелерді сал- дыратып тағып шыққанға мәз болғанымыз өскелең ойлы елдің көрінісі емес. Сірә, сондай уақытқа қарсы пікір айта білгендерге бүгін ерекше медаль шығарсақ халықты пәктікке бастар істің бастауы болар ма еді. Бүгінгі экологиялық жағдай қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы не себептен көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған деп еріксіз ойлантады. Бір жұртқа «мал тұяғы шиырлап шөп өсірмей тасталды» – деп үш жылға дейін қайтып қонбаған сол мал баққан ел осы жерге дән сепсе егін шығатынын, үй салса қала болатынын білген. Бірақ олар бізден гөрі табиғатқа да жаны аши түскен екен. Ғасырлар бойы табиғаттың тыл- сымын тыңдап, әр шөптің бетіне үңіле білген жұрт қасиетті жерінің байлығын кәсіптің осындай түрімен сақтағысы кел- ген сияқты. Бүгінгі жел ұшырып, су шайып тасын ғана тастап жатқан жердің ендігі қалдығын сақтау үшін енді айғыздап жырта бергенше шаруашылықтың сол түріне қайта бару да керек шығар.
Арқа тауларын қысы-жазы жасыл желекке бөлеп, мәңгі көгілдір реңінен айрылмайтын арша жарықтықты біреуіміз венокқа деп, тойға деп, онан қалса мектептегі басшының біркүндік лауазымын арттыру үшін, әйдік елка үшін тамы- рын қопарып құртуға айналдық. Ең сұмдығы осыны айта жүріп не аудандық, не облыстық табиғат қорғау комитетіне
«жаңа жылға елка тұрғызуға тиым салынады, штрафы мы- найдай» деген қаулы шығартып, газетке баса алмағанымыз. Қожанасырды әжуалағысы келгендердің киімін жағып, ас пісірген Қожекең: «киімнің енді керегі не, ертең ақыр заман деген жоқсыңдар ма» депті тыр жалаңаштарға, тап сол күйден бағанамызды көре алмай, экологиялық қатерді түсінбеген мәдениеті төмендікке іш күйеді. Озық елдерде біреуді басшылыққа қою үшін әлем мәдениетінен хабардарлығын, гуманистік принциптерін тексереді екен. Біз санврач болса
болды совхоз басшысы, физик болса мәдениетті басқартып әлі шауып келеміз. Біз де басшы қоймас үшін сол пенденің көкірегіне үңіліп, тар маман емес, өткеннен хабары мол, келешекті көре алатынын тексеріп көрсек, қара басы- нан басқаны ойламайтыннан арылып, танауынан арғыны көрместен құтылар едік.
Жылт етіп жаз шыға егін басталады екен. «Мол өнім алу үшін» аспаннан төгіп жатқан уымызда шек жоқ. Дем ала алмай тұншығып жүріп «бұл зиянсыз» деп бір-бірімізді жұбататынымызды қайтерсің. Жұбата-жұбата Арқаны ме- кендеген жәндіктерді жұтаттық. Шегірткені қырамыз деп у төккеннен оның азайғаны шамалы, есесіне басқа тіршілік иесін қаусатып салдық та, табиғи тепе-теңдікті бұздық, сол шегірткенің жауы торғайларды құрттық. Бір ғана өзіміз білетін етікші қоңыздан басталған бес-алты түрлі қоңызды, жауын құртын, араның неше атасын, көбелектің ондаған түрін жойып жіберуге «қолымыз жетті». Талтаңдаған сәби баламызға әлдеқалай адасып келген реңсіз, сықпытсыз көбелекті көрсетіп мәзбіз.
Арқа бұлбұлы бозторғайдан айрылып қалғанымызды бұрын да жазған ек. Жақында сол бозторғай үнін теледи- дардан естіп, естен танғандай болдық. Барымызды кинодан ғана көрер шама жеткені ме деп қынжыласың. Бүгінде көз қуанышы, көңілдің серпілісі болған осы маңды мекен еткен жиырмадан аса құстың жоқ екенін санап шықтық. Азамат болар баласын ел қырандай бол деуші еді, сол қыранның лашын, қаршыға, жағалтай, күйкентай, тұрымтай, бөктергі, құладын, күшіген тәрізді сан түрін енді көрмеген ұрпақ сәбиіне не тілемек. Алаң-пелеңде бала кезде сан қуалаған жарқанат көзге түспегелі, кез-келген ши түбінен далп етіп ұшып ат үркітер жапалақ көрмегелі біраз жыл бол- ды. Сан сұлудың киімінің өңін ашқан үкіні шам ұстап іздеп таппайсың. Дуадақ, тарғақ тәрізді адал құстан адамыз.
«Өртте қанатымен су сепкен» деп ел сүйсінетін қарлығаш
қайда? Шымшық, Ақсары деген құстардың көрінбей кеткені несі? Соңғы бір-екі жылда көкектің дауысы естілмейді. Қайран көкек атын айына беріп қоштасып кетті ме, қалай.
Жетер! Уа, ағайын, көтер. Тірлік үшін күресіп жүріп тірлікті жойып жатқанымыз жетер. Бар мен жоқтың арасы көрінбес
қыл сияқты. Қазақ қасиет тұтқан дәм ақ еді. Ақ-пәктіктің түсі. Қазақ уды ақпен қайырған. Сол сүттен у шығып жатқан соң тірліктің бетінің буалдыр тартқаны да. Қаракөк аспаннан хи- микат шашып, өнімді көп аламыз ба, әлде өлімге жол аша- мыз ба, ойланатын шақ келді. Көз алдымызды тіршілік әлемі жұтаң тартты.
Көшің қайда барады, азамат?!