Тіл туралы бірер пікір
Тіл ұлт мәдениетін сақтаушы да, дамытушы да негіз- гі құрал екені тілдің тоқырауы ұлттың құруына апара-тын төтежол екені белгілі қағида. Қазақ тілінің сонау 30-жылдар- дан бері дамуының тежелуі бүгінде еш құпия емес. Бүгінде тіл туралы заңның шығуы, оның бірінші тармағында «Қазақ тілі мемлекеттік тіл» деп жариялануы көкірегі ашқан са- мал жел, көксеулі арманның бетін бері бұрған көрінісі деп қуандық.
Дегенмен де сол қуанышқа нұр үстіне нұр боларлық та- лай ой әлі де айтылмай қалған сияқты. Қазақ тілі мемлекеттік тіл бола тұра қазақ жерін мекен еткен, әр жылдарда келген әр түрлі халықтың жиындау тұрған же-рінде ресми тіл ре- спубликаны құрған халықтың тілі емес қоныстанушылардың тілі делінген екен. Сонда біздің елге түрлі себеппен келіп, кейбір облыстарға жиірек орналасып қалған орыс, украин, неміс, т.б халықтар тілі сол облыстар үшін (әсіресе Қа- рағанды, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Орталық Қазақстан) негізгі тіл болып қалмақ екен. Уау, бауырларым- ау, сонда сол жерде, сол облыстарда мыңдаған жыл өмір сүріп, бүгін қырғынға ұшырап азайып қалған қазағымның халі не болмақ? Өз тілін бүгінде шала біліп отырған сол жұртымды әлде біржола есептен шығарып тастаймыз ба? Әлде... Әлделер толып жатыр.
Қазақ жеріне еріксіз келген сан жұрт, өз тілін, өз мә- дениетін ұмытып қалсын деп отырған жоқпыз, ондай ой- дан аулақпыз. Олар үшін ұлттық мектептер, баспа, мәдени ошақтар жұмыс істеп, ұлттық мәдениетті заңды қорғауға алынсын демекпіз. Әрине, аз ұлттардың тілін, мәдениетін, тұрмыс ерекшелігін сақтау әбден ойластыруды керек етеді. Бір қазақ жерін әлденеше ресми тілге бөлгеннен ұтарымыз шамалы, әрі бұл республикаға атын беріп отырған халықтың намысына тиетін жай сияқты. Қазақ жерін енді тіліне қарап бөлшектеудің еш қажеті жоқ. Айта берсек, қазақ жеріне кел- ген сан ұлт өкілдерінің өз тілі мен мәдениеті сақталып, дамып
отырған отаны бар, ол қазақтарда жалғыз ғана Қазақстан бары естен шығып кетпесе екен.
Тір туралы заңның жобасында мемлекеттік органдар- да іс-қағаз қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі делінген екен. Біз барлық документацияларды күні бүгінге дейін орыс тілінде жүргізіп келдік. Біздің республика үшін бұл іргесін мықтап бекіткен, санаға сіңген стеоратип. Жобадағы іс- қағаздар орыс тілінде де жүргізілсін деген ұсыныс бұл сте- оратиптен шығуға жол бермейді. Қазақ тіліне шындап жа- нымыз ашыса, ол шын мағынасында көркейсін деген барлық жердегі жұмыс қазақ тіліне біржола ауысуын (бір-тіндеп бол- са да) талап ету өзі сұранып тұрған жағдай.
Тіл дамуына бүгінде қасақана тосқауыл қойылып жатқан сияқты. Жоғарғы оқу орындарын қазақ тілінде қойылатын топтар құрудан жалтарып, қазақ балаларын қабылдауды күрт төмен түсіргендей. Қарағанды политехникалық инс- титуты 1-ші курсқа жылда 35-тен 45 пайызға дейін қазақ студенттерін қабылдап келіп, биылғы жылы 18 пайыздан аз-ақ асатын қазақ жастарын оқуға алуын тек осымен ғана түсіндіруге болады.
Тіл туралы заңда жетіспей жатқан тағы бір жағдай – қазақ балаларын оқыту мәселесі. Баласын қай тілде оқыту ата- ананың еркі деген сөз қазіргі күнде тап біз үшін тым қолайлы емес. Баласы түгілі өзі ана тілін ұмытып қалған,не шала түсінетін атсанс үшін өзі үйренген жат тіл баласын оқытуға да ыңғайлы боп көрінетіні анық. Нигилистер жетіп жатыр. Бізге келер ұрпақ керек болса, ұлттық дүние-танымымызды, мәдениетімізді сақтағымыз келсе қаладағы да, ауылдағы да қазақ өз баласын ұлттық мектепте оқытуға міндетті деген заңды қабылдау керек.
Сонымен қатар мектеп бітірген қазақ баласы оқу орны-
на түсу үшін міндетті түрде қазақ тілінде шығарма, орыс- ша бітіргені мазмұндама жазуға тиісті екені заңдастырылуы керек. Қазақ тілінің абыройы мен беделін көтеру Қазақ республикасының азаматтығымен тікелей байланысты. Рес- публикаға келушілер тек ақша іздеп, мансап қуып келгендер
емес, қазақ жұртына жанашыр, қазақ елінен өзін бөлек са- намас адамдар болуға тиіс. Республикаға азамат болу үшін белгілі 5 не 7 жылдық мерзімдік сынақ, тілін білуін шарт ет- кен жөн сияқты. Ал,өзі исі қазақ бола тұра ана тілін білмейтін бауырластарымыз республика азаматы деген атқа ие болуы елді қорлау екенін түсінетін уақыт жетті емес пе?
Осы жерде мемлекеттік тіл делініп отырған қазақ тілін қызмет істеп отырған орыс, неміс т.б ұлт өкілдерінің білуі туралы заңның 17 тармағын кешіктіре тұрудың өзі жұрт көңілінен шыға қоймасы анық.
Қазақ халқы еш уақытта да шовинизмнің шалдығына ұшыраған ел емес. Өзін силағанды әр заманда да құрметтей білген елміз. Кешегі революциядан бұрынғы заманда үл- кендеріміз сан орыс, украинмен дос тамыр болған. Сол тамырлығын екі жұрт өкілі де қастерлеген. 1986 жылы де- кабрь уақиғаларының түп тамырын ұлтшылдықтан іздеу де бекершілік еді. Өз тілін шала біліп, ұлт мәдениетінен шеткері қалған жас өзін кеміс адам түсінеді. Сол кемістік психологиясы кемістікті тудырған обьективті жағдайды іздейді, соның көзін жоюға ұмтылады. Декабрь уақиғаларының психологиялық негізі осында, жастардың өзін рухани кеміс санауында десек шындыққа жақын келер едік.
Қазақ тілінің тоқырауға ұшырауын аз уақыттың ішін-де
қазақ альфабитінің қайта-қайта өзгеруі де себепші бол- ды. Біз ғасырлар бойғы мәдени мұрамыз жасаған араб альфавитінен іріксіз латын, сонан соң орыс графикасына көшірілдік. Қазірде талай үйде тұрған көне кітаптар, архивтегі жазбалар беті аударылмастан, жұрт кәдемесіне жарамастан жатыр. Сол себептен ең болмаса әр ауданда бір-бірден шет ел тілі ретінде араб-парсы тілін енгізу уақыттың қажеттілігі болып отыр. Мұны соза беру мәдениетіміздің өсіп дамуына қойылған қасақана кедергі тәрізді екенін ескерген жөн.
Қазақ тілінің өсуіне бүгінгі информациялық құралдар-дың әсері мол екені жауыр қағида. Жауыр қағида дей тұрсақ та қазақ теледидарының жарты проблемасы орыс тілінде жүруі ешкімге түсініксіз. Орыс жұрты үшін Москвадан сан про- грамма жұмыс істеп жатқан жоқ па. Сонда қазақ өз тілін тыңдау үшін туған рухани қажеттілігін қай елдің теледида- рын көріп толтыра алмақ. Қазақ тілінің өркендеуімен, өзіндік
дүние тану ерекшелігімен әр азаматқа фамилия қоюды да тікелей байланыстыра қарасақ дейміз.Грузиндерде пәленше- дзе, түгенше-дзе деген фамилиялар бар екен. Сұрай кел- сек сол дзе дегендері өзіміздің тізе екен. Қазақта «кімнің тізесіненсің» деген сөз бола тұра, өзімізде бар дүниені пай- далана алмай, әкеміздің артына ов, ев, ин, бич, сичтерді тізіп жүрміз. Соны көзге шұқып көрсетіп жүрген грузин халқына қалай рахмет айтпайсың. Бізде жалғыз тізе емес, зада, тегі (Күлтегі) – и (Фараби) деген фамилияға келер сан жұрнақ бар. Міне, тіл танымының ерекшелігін ескерген біз осы өзіміз пайдаланып жүрген фамилияны да өз түсінігімізге, тіліміздің шұрайлы ыңғайына қарай қажет деп табар едік.
Тіл туралы жобаны талқылағанда міне осы жағдай-
ларды толық шешу қажеттілігі бүгінгі күннің талабы, елдің көксегені.