18.05.2021
  264


Автор: Кәмел Жүністегі

Қалмақ қырған

Өспес бала, өнбес дауды қуады» дейді. Кешегі өткен үлкендердің сөзін жадына түймеген бүгінгінің бейшара шалсымақтарына не дауа. Оның үстіне шала сауатты болса не айтарсың. Бір сөзі бір сөзіне қиғаш келіп, үріккен кәрі тек- дей осқырып жүргеніне күлгеннен басқа не шара. Соның бірі, не жалғызы даукес Садық Смағұлов екен. Сөзімізді дәлелдей кетейік. «Ол мамытқа қамыт...» мақаласында (Қазақ әдебиеті.


№27.28.09 жыл). «Тайатқан, Шұнақ, Бүркітті тауларының етегінде Батпақ су өзені жатыр. Алтуайт өзені атқа мінер жақта қалды» дей келіп, онан әрі «Қалмақ қырған» тауының етегіндегі қазақ сарбаздарының жеті-сегіз бейіті тайға таңба басқандай көрініп, төбе-төбе болып жатыр» деп ұрыстың осы жерде болғанын мойындайды. Осы газеттің бетінде «Қалмақ қырылған даласындағы» «тас обалар» деп өзі «қалмақ» деп жүргендерінің тас бейіттерінің суретін де басады. Ал,


«Қазақстан» газетінің № 37-санында «Қалмақ соғысы мойын- ты бекетінің балқаш жақ бетінде орналасқан» деп алдында өзі жазған Батпақсу, Алтуайт өзендерін де, Бүркітті тауларын да жүз шақырым жерге көшіріп апара қояды. Тек алғашқыда өзі жазған «Ес батырдың тауы... мен... ондағы қалмақ ханының шатырын» апаруды есіне алмапты. Қолынан кел- ген, қонышынан басты деген осындай-ақ болар. Оу, халайық айтсаңдаршы, мына мықты Аралды суға толтырып берсін де. Мына қарқынымен Обо мен Ленаны Аралға құйдыра салады.


«Талас бойындағы соғыстан соң қалмақтар Жоңғар мемлекетін қайта құруға жете алған жоқ. Бұл дегенің Мой- ынты өзенінің бойында қазақ-қалмақ соғысының бол- мағнын дәлелдейді» дейді жаңа туған шал білгіш. «Қазақ


әдебиетінің» № 34-санында біз осы Садыққа жауап мақалада энциклопедияға жүгініп «христиан дінін қабылдауға қалмақ шонжарлары көнгісі келмеді. Жоңғарияға көшуге бет алды. Мойынты өзенінің жағасында Убаши бастаған қалмақтарды Нұралы, Абылай, Ұрыс, Әділ сұлтанның әскері қоршап алды. Убаши қоршаудан өтіп, Жоңғарияға жетті» деп жазғанын


 


келтірген едік.


Даукес Садық көне ме оған. «Жер шалғай» деп қалмақты осы маңға жеткізбей қояды. Бірақ соғыс болады. Оны бас- қарған Абылай емес..., бабасы Керней көрінеді. Керней шежіресін құрастырушы, Т. Майбастың «Көкбөрі Керней ба- тыр» атты кітапшасында тағы да сол даукес Смағұлов «Кер- ней бабасы 1619 жылы... дүниеге келіпті» деп жазады. Сонда Мойынтыдағы 1771 жылғы соғыста Керней 162 жас-та екен. Осындай қисынсыздыққа не айтарсың? Қарап отыра алмаған кей кісі не к... ши жүгіртіп отыр. Не екі етікті бір-біріне сұғыстырып отырады деген шығар. Бұл соғысқа Кернейдің шөбересі Жарылғап батыр қатынасқан. Оған дау келтіре ал- майды. Кернейден Дау, Даудан Түйте, Түйтеден Жарылғап. Жарылғап сол ұрыста,1772 жылы туды десек, елу жаста. Садық оны 1718 жылы туған деп отыр. «Мына тауды Қалмақ қырған» – деп сұрап алады да, Садық қиялға шомып «Мына таудың басында Керней батырдың ұрыс басқару орны болған. Ес батыр жатқан таудың арғы бетінде Қалмақ ханының шаты- ры тұрған» – деп ысқыртып жібереді. Сонда Керней бабасы 83 жаста-міс. Мұнысын ол «Қазақстан» газетінде келтіріпті. Қайтсін, өзі бабасын туғызып алғандай екен. Мұндай деректі қайдан алды, сөз емес. Кешегі өткен ақсақалдарға Садық ысқырмайды да. Олар өлген, ендігі білгіш-ғұлама өзі. Бұл Смағұловтың бабасын 83-ке келтіре салады да Қаратай ба- тырды 1702 ж. өлтіре салады. Қолдан кісі өлтірудің таптырмас нұсқасы. Ол деректі қайдан алды, оған бас ауыртып та жат- пайды. Қиялдап қияли ауруға ұшырамаса игі еді.


Қисықты көр ғана түзейді, – деседі. Солай шығар. Әлгі


Смағұлов «Қалмақ қырғандағы» соғыста «қалмақтар алпыс- жетпіс гектар жердегі тас молаларға өлгендерін жинап теріп көмген. Бір қызығы, маңайда көгілдір жартас жоқ.   көк пли-


таларды қайдан алған» деп тамсанады. Бұл тас молалардың бұл ұрысқа қатынасы жоқ. Ол екі-екі жарым мың бұрынғы Бегазы-Дәндібай мәдениетіне жататын мұра дегенімізге,


«ол заманда» қазақ-қалмақ атауы болмаса неге ол қалмақ қырылған деп аталады деп дау айтып өрепки түседі. Қазақ-


 


қалмақ атауының бертінде шыққанына түсінбеген, тарихты ақтарып көрмеген шала сауаттылыққа айтып сөз өтпейді. Өйткені ол туа білгіш.


Дәукесіміз Қаратай батырды туған жеріне апарып неге жерлемеді? «Бетпақ даланың етегінде Қаратай батырдың қыстауы, не жайлауы бар ма еді» – дегенді де тіліне тиек етіпті.


«Қазақ әдебиеті» газетінде (№34. 09 ж.) біздің жазған жауап хатымызды оқыған Ақселеу Сейдімбеков телефон ша- лып, Оу, «Қазақтың ауызша тарихы» кітабымның 274 бетінде Қаратай елінің Арқаның осы тұсын қоныс еткенін жазып едім ғой. Ағыбайдың бейітіне қарай аққан өзенді Қаратайдың Қараталы деп атайды. Қаратайдың бейіті өзеннің бастауын- да тұрмаса өзен олай аталмас еді ғой» – деді. Ақселеу бұл деректі 1905 жылы Санкт-Петербургтен шыққан «Материалы по киргизскому землепользованию», IX-том деген кітаптан алғанын жазды. «Қаратай жоңғар шапқыншылығы зама- нында өмір сүрген белгілі жазушылар Оралхан, Әлібектер оның жетінші-сегізінші ұрпағы. Қаратайдың қоныс еткен жері Арқадағы Манақа, Атасу өзендерінің бойы болған. XVIII ғасырдың соңына қарай Қаратай әулеті Ертіс бойына серпіліп қонады» деп жазады осы кітапта Ақселеу. Аталған өзендер Тайатқан, Бүркітті тауларына жақын Қызылтаудан баста- латын өзендер. Бұл жер Қаратайдың қонысы емей немене. Ақселеудің бұл айтқандары «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланды. Оны Садық менсіне ме.


Иә, қалмақтардан жер  босаған сайын қазақ сол  жер-


лерге қайта орналаса бастағаны тарихи факт. Оны тарих- тан сауаты шамалы С.Смағұлов қайдан білсін. Оған дау ғана керек.


Дауының бір түрі Ағыбайдың сауатты-сауатсызды-ғында екен. Ағыбайдың Күдері қожаның ағасы Смайылдан сауатын ашқаны, Түркістан медресесін көргенін батырдың ұрпағы бо- лып саналатын Серік Исмақов ақсақалдан естіген едік. Естіген құлақта жазық жоқ. Садық даукес ондай шежіре қарттармен сапарлас бола алмас, сөзіне құлақ түрмесе, не оларды менсінбесе қалған ел неге жазықты болады. Бір ғажабы


 


осы емес пе? Әлде Ағыбай Батыр оқыған ауыл молдасының берген куәлігі жоқ дегісі келе ме. Онысын біз түсінбедік. Мәселенің бір ұшшағы мамыттың бейітіне тіреледі. «Шы- рағдан» атты кітабымда Қасен жыршының моласына ат-тың басы қойылған сұпыны тал шыбық бәйбішенікі деп көрсеткені жазылған. Кітапта кеткен сөйлем қателерін Садық бірәз теріп, автордың мойынына іле салыпты. Бұл терушінің, баспаның қателігі деген сөз ойына да келмепті. Ойсызға ой салу қолдан келмес шара. Баспа тіпті сол кітаптың шығуына демеушілік еткен Болат Дүйсенбаевтың атында, автордың оған деген рахметін жазбай тастап кетсе де не деуге болады. Сол сияқты Ағыбай батыр туралы мақаланың соңында автор жазған сілтеме түсінікті де ескермей кетсе не шара. Сілтеме-түсінікте автор осы ат басы тұрған мола туралы әрқилы пікір барын, С.Исмақов Мамыттың моласы десе бүкіл ғұмырын сол жер- де жылқы бағып өткізген Ағадыр совхозының адамы Қибат


«бұл Ағыбайдың бәйбішесінің бейіті, Мамыттың моласы қатар


тұрған төрт құлақты бейіт», – дейді.


Садық та осы сөзді біреуден естіген болар, «Мамыт..» деген мақаласында Шүкманның, Мамыттың бейіттері қатар салынған деген пікір айтып қалады. Бірақ өз сөзіне аса мән бере де бермеген.


Қаратай батырдың моласын іздеу кешегі өткен ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтан басталғанын жазған едік. Семейде өткен Алаш партиясының бір жиналысында Әлихан Пе- терборда өзімен бірге оқыған Әбдікәрім Ережепұлынан «Сен- дер бабаларың Қаратайдың қайда жатқанын білесіңдер ме», депті.





Пікір жазу