18.05.2021
  207


Автор: Кәмел Жүністегі

Домбауыл басында

Кеш қоюланып барады. Қызылжардың бұлағының жел- кесіне тігілген Мұқаңның үйінің сыртындағы дастархан басындағы менің әсерден айыға алмаған кеудеме ескен са- мал даланың хош иісін әкеліп, онан әрі дүрліктірген. Сонау жерде Домбауыл мен Жошы тұр. Бұл жерде Қызыләскер деген колхоз бопты. Жазушы Аппаз ағамыз осында мұғалім бопты. Жастықтың думаны, дүбірлі кезеңі де осында өтіпті. Кейде күлкілі, кейде өкініш аралас әңгімесін айта отырып Ап- паз да сөз ұшын Домбауылға бұра береді.


Иә, қасиетті Домбауылдың орыны бөлек екен. Қалақ тастап зәулім етіп қаланған ғимараттың бітімі ерекше, еріксіз тағзым еткізгендей. Египет пирамидаларынан несі кем, несі артық? Әр халық өз тұрмыс-тірлігіне қарай мұра тастаған. Жоқ, бұл ұлы дүние. Қазақ даласын аралап жүріп тап осыған ұқсастығы бар, қалау әсілінің бірлігі айқын Қозы-Баян ескерткішін көрген едім. Көз алдыма сол келді. Бірақ Домбауыл қайталанбас қасиеттілігімен табындырды. Сонан соңғы бір сөз, архитектуралық ғажайып осы ес- керткіштің музыкада орын табуы. Менің қолымда кеше аты- лып кеткен Әбдидің домбырасы бар. Жасалу бітімі осы тас ғимараттар үлгісінде, көмейінен бейіштің үні шығады. Бұл қалай? Бұл не формалық ұқсастық? Менің ойымша Дом- бауыл ғимаратының ішіне нар қобызды орнын тауып қоя алса, ол күннің бір мезгілінде өз-өзінен сарнап еді. Бұған менің жүрегім сенді. Кезінде Қорқыт мазарына тап осындай ғажайып болған ғой. Халық аңызында Домбауыл – бақсы, ол


батыр, ол болашақты болжаған көріпкел.


Болашақты болжағаны Домбауыл ғимаратының кескі- нінде тұр. Шығыс бетінен келе жатқанда көзге түсетіні оның күмбезінің түстік жағынан жел үрген құм шағылындай терістікке қарай сәл ойыса орналасуы. Оның архитектуралық қателік емес, әдейі жасалғаны көзге ұрып тұр. Төрт қа- бырғаның да қалануы төрт түрлі, еріксіз ойландырады. Әсемдікті жүрегімен ерекше таныған сол суретшінің сим-


 


метрия заңынан қасақаны шыққанын ұқсаң да, не себепті екеніне таңсың. Күмбездің ойыса біткен Терістік жағы да, қабырғаныңсол тұсы да жарты ай тәрізді ойық қаланып, шығыңқы бұрыштары әлденеңі меңзеп тұр.


Бір қарағаннан-ақ ғимараттың жай жұлдыз қарауға арналған орын емес, үлкен ғылыми абсерваториялық мәні болғаны да ұғынықты. Оның үстіне айналадағы көшпенді ел жыл мезгілін, уақыт шамасын қабырға ерекшеліктеріне қарап та айырып отырған тәрізді. Онда жер астының құпия жолының болғанына да шәгім жоқ. Тек оны зерттеуді құлатуға құмар тап бүгінгілер жасамаса екен дегендейсің. Бұл ғимаратты жете зерттеу үлкен ғалымның, ойлы азаматтың ісі болуға тиіс. Өз басым, ең болмаса бір апта бақылар ма едім деп кеттім.


Сонадай жерде көшпенді елдің көшпенді қаласының жұрты жатыр. Оны салған Жошы хан. Кезінде осы айнала еліне әсері бар Домбауылды Жошының сағалап келуі де тегін емес. Жошының мазарын бүгінгінің біліктісі рестоврация жасаған боп біраз жамапты. Онысы жібекке жамау салғандай адырайып көрініп тұр. Іргеде шашылып жатқан өз кірпішін көрсең Қытай фарфорындай сыңғырлайды.


Сол тұста сол кірпішті күйдірген пештің орны жатыр. Ендігі сөз жан ауыртар азап қой.


Көшпенді қаланың орталығы хан сарайынан тұратын сияқты. Ханның және оның отбасының жәйлары жеке-же- ке бөлмелер. Бөлмелер осы күнгі тік пеш емес, жатағанмен жылытылған. Оны «кан» деп те жүр ғой, бұл да қазақта ерте- де болған екен. Бұл ойымды сол жерді зерттеуші жас ғалым Жұмаш Смайылов та қостады. Әрине, өткенді ашып, халыққа көрсету орынды. Бірақ жер астынан аршылған мұраның ендігі болашағы еріксіз ойлантады. Жаңбыр мен дауылдың өтіне тастап отыра берсек Жошының бізге қайта келіп қала салып бермесі анық. Ендеше оны ең болмаса күркелеп жау- ып, сақтауды неге ойланбасқа, қашанғы енжар бола береміз деу керек қой.


Көшпелі қаланың негізгі хан тұрағы, айналадағы ел кигіз


үйлі қалада тұрғанын ғылым сан дәлелдеген. Жошы жұртын


«Жошы қаласы» деу де керек сияқты. Ұлының атын жөндеп атасақ халқымыздың мерейі емес пе.


 


Иен даланың түкпір-түкпіріндегі ата мұраға ие бо- лумыздың, қамқорлығымыз шамалы екенін түсініп болма- ғандаймыз. Іші ою-өрнекке толы Нұрлан жомарттың маза- ры құлап бара жатқанына ешкімнің іші ауырғанын көрмедік, қамшыдай өрілген Есбай мазарының да халі мүшкіл. Анау Ағыбай, Алтыбай, Шалғынбай мазарлары киік жолртқан да- лада, ел назарынан тыс. Ал атақты Ақсу-Аюлы 2 кешенін сауда орынының қоқыс төгетін шұқанағына айналдырдық. Мәдениеттен хабардар, жанашыр қайда? Кеше айтуға қор- қып келдік, бүгін...


Бір «әттеңнен» екінші «әттеңге» ұрынып, малтығып жүрміз. Бүгінгі демократия ғылым мен мәдениеттен жұрдай, лақпа демагогты да шығарды. Жиналыс сайын айқайшыл, кеңірдек жыртар ол кешегі надан белсендінің бүгінгі хат танитын жаңа көрінісі. «Ақын-жазушының керегі не?» де- ген оған елдің де керегі шамалы. Мәңгүртизмнің түнегінен көзін аршып ашып, шала соқыр кейбіреу тисе терекке, ти- месе бұтаққа деп әйтеуір жұрттың бетін жыртуда. Ол «ерің» кеше «тиым салған» заманда қайда болған. Кейде оларды әруақ ата ма деп те қорқасың, ол да қазақтың адасқан ба- ласы ғой.


Бір ауыл кеңестің мықты төрағасы «Сары Арқа» га-зетінің атын бір жарым айдан соң бізден естіп, «ол не газет?» деп


«білгірлігімен» бізді шошытты. Ел басындағы кей азаматтың кейпі осындай болған соң, білім-багажы «баяғы отызда» онан соңғы «масаң» дәуірде қалған соң не айтасың. Сон- дай бір білгіш «Мир» деген көше атын қазақтың ғұламасына қимай «бейбітшілік» дей салайық деп отырса айналайынның тәржімасы – я тебя кругом обхожу секілдендіріп кенжелігімізге ренжитін боларсыз.


Әзіргіміз осы болып тұр-ау. Қайран тарих, көне мәде- ниет, сенің алдыңда қарыздар боп жатырмыз. Иен даланың күзетшісіндей көшпенді елдің кезіндей боз жотаның үстін- де Домбауыл тұр маңқиып. Ей, Домбауыл, сырыңды қашан ұғамыз?





Пікір жазу