18.05.2021
  300


Автор: Кәмел Жүністегі

Дойбы тас

Абыз Мұқашты ертіп, Рысқұл Тәжібаев, шофер Аман- құл, Кеншоқыдан 90 жастағы Секербай ақсақалдың бала- сы Берікпен ілестіріп, Оралбайдағы Жидебайдың жер үйін көрдік. Онан әрі Түсіпбек қорасынан жоғары (Қызылтас іші) диірменді іздеп таппадық. Жолдан Жалаңаштан Сейдолла мұғалім ілесті.


Онан әрі Егізқойтастағы дойбы тасты көрдік.


Дойбытас тақтасы маңдайында – 8 тор, қабырғалы- ғында – 9 тор, барлығы 8x9 = 72 тор-ұя. Нақ ортадағы белдеу тор-ұялар кеңдеу 10x10 см. Басқалардың мөлшері 10x7 см.


Дойбы тас қашап салынған. Іздері көнеліктен өшіп бара жатыр.


Егер бұл тас тақта қола құралдармен салынды деп есеп- тесек, оның пайда болуы 3 мың жылдан асады. Бұл үлкен жаңалық. Ол көшпенділер дойбы ойнауды тым көне заман- нан білді деген сөз.


Оның тағы бір ерекшелігі 72 ұя болуында. Бұл дойбы- ның ойнауында да өзіндік тәсілдің болғанын меңзейді.


Сол маңда жосамен салынған әлдебір үшбұрыштардың да суретінің қалдығы бар. Мұның бәрі ойлантса керекті.


Дойбы тақтасы салынған тастың арғы етегінде тас мола жатыр. Кішірек тас молалар басына дейін тізбектелген. Бәрі бір сызықтың бойында, әрі дойбы тасты дәл ортасынан кесіп өтеді. Дойбы тастың ортасындағы кеңдеу ұялар да ерекше. Ол оңтүстіктен терістікке қарай бағытталған. Жата қалып бір шетінен көздесең сонау жуықтағы көне шоқыдай үйілген бейітті нұсқап тұр. Ол көне бейітте қазылыпты. Осы Дойбы тас маған әлденені нұсқаушы, бағдар беруші белгі тәрізді-ау деген ой тастады.


Келер жылы маған әкім Төлеужан Ахметбеков сол жерде белгісіз ұшатын тарелкалар келіп жүретінін жеткізді. Оны сол маңнан көрген адамдар жеткілікті.





Пікір жазу