18.05.2021
  356


Автор: Кәмел Жүністегі

Кенесары жұртында

Әженің әңгімесін тыңдап өстік. Қылышынан қан тамған за- манда жатарда қыңқылдап әңгіме сұраған бізге Ғазиза әжем өткеннің сұмдығын сыбырлап қана айтатын да жалғыз қабат терезеге «Әлдекім тыңдап тұрған жоқ па» дегендей өңі қаша жалтақтайтын. Сонан соң ауылға әнші келетін қобызшы- домбырашы Аман әуелі қобызын сарнатып-сар-натып алып, жұртты босатып алып, домбырасын жайлап шертіп неше түрлі қыса айтушы еді. Үлкендер бізді қуып жібереді. Ит пен бала қорыған жерге өш деген емес пе, үзіп-жұлып біз де тыңдаймыз, біз де естігенімізді сыбырлап айтамыз. Сөйтіп жүріп Кенесары Наурызбай қисасының біразын естідік. Кас батырдың жүрегінде аттың қалындай қыл бар екен дегенді сан естіп, бірден-бірге айттық. Сонау мектеп кезеңінен ба- стап Кенесарыны өшіге жамандаса да ел аузында әулиедей дәріптеліп, елі үшін жанын пида еткен қас батырға деген сүйіспеншілігі өшпеген сезім бізде де оянып, біз де өршеленіп ара түсуге даяр боп өстік. «Айт» дегенді ғана айтатын мұғаліммен сан ұстасқан кезеңдер де өтті.


Кеңесарының орыс қамалы Ақтау дуанын талқан еткенін


тарихтан сан оқығанбыз. Сол дуанды көріп, болашақтағы үмітті дүниемді жазсам деген оймен жүргенде көзі қарақты кәрі құртаң шалдарға сол сапарым жөнінде айта берген едім. Ойым «ойыма ой қосар ма» деген үміт. Қанша ауыз жапты- рып келсе де шежіресін ауызша жеткізіп, ғасырлар тарихын жаттап өскен жұрттың бәрін тыя алмапты. Әбдіғұл ақсақал


«оу, онда барсан Кенесарының қамалын көре кел» деген. Тәтпіштеп сұрап, мән-жайына қанып алғаным. Осы зерттеу- лермен шапқылап бір машинамды құртып, ендігіге қол жетпей жүрген шақ. Үкіметтің Уазигіне мінгендердің елмен, тарихпен ісі қанша, көп болса арманы түстеніп кету, біз сияқтыны дені дұрыс деп те есептелмейтін кешегі тоқыраудың шағы.


Иә, тоқырауы де, басқасы да ел санасын жаутаңдыққа ұшыратып баққан екен. Дәл Кенесары қамалының ірге- сін жеткенше «әне тұр» дегенді кездестіре алмадық. Жол-


 


басшымыз Қызылтау совхозындағы ақсақал Кәдіржан Әбіл- жан ертеректе осы маңда мұғалім болып істеген, әрі көне көз кәрілер сырын жанына түйе білген екен.


Кенесары бастаған ұлт азаттық қозғалысқа елінің болашағын ойлаған игі жақсы азаматтың көбі қосылған. Солардың бірі атақты Жанғұтты шешен. Жанғұтты Кене хан қазаға ұшыраған соң келер жылы елге оралған. Сол кезде шешен отыз жаста екен. Жанғұттының Ағыбаймен, Шортан- баймен, Құнанбаймен аса дос болғанын ескерсек бұл топтың ішкі арманын көп сырды ұққандаймыз және бұл топтың патша үкіметінің еш уақытта сеніміне ие болмағанын түсінеміз. Бұған Құнанбайдың әлденеше рет тергеуге түсуі, Ағыбай ауылына ұзақ уақыт жер берілмей сергелденге ілігуі Шортанбайдың соңына сөзін андытып пристовты са- лып куә. Осыны бүгінгі жұрттың біле бермейтініне, тарих пен шұғылдану қалып, математик есебінен, зоотехник сиыры- нан аспаған жебесіз интел-легенцияның дүниеге келгеніне қынжыласың. Бір кездесуге барғанда бір мұғалімнің бірінші сұрағы «Шортанбайдың руы кім екен?» дегеннен басталса күлесін бе, жылайсын ба? Европада Байронның ешкім ұлтын сұрамайды, Пушкин мен Лермонтовтың тегі араб пен швед екенінде ешкімнің жұмысы жоқ, тек оларды ұлы деп қана түсінеді ғой. Халқым-ау, қайда келдік, мына интеллегенцияға не болған?


Елдің ұмытқаны жалғыз бұл қамал емес. Ұлы Әлкей Марғұлан Ортауда Жошы хан ғана бүркітін ұстаған «Жошы қиясы» бар дейді, оны көрсетер бүгінгі Ортаулық ешкімді таппадық. Сол Ортаудың басындағы «Жошының көлін» осы биыл С. Медеубаев қана тап басып таба алды. Қазақ жерінің шоқтықты сұлуы Ортаудың бар сілемі мен сайын нөмірлеп хутор атағын бере берген. Тіпті Сәкен туған Қарашіліктің маңындағы жер аттары да әлдебір хутор атында. Кезінде елдің елдігін жою тәсілі жасалып баққан сияқты.


Кеңесары-Наурызбай туралы бір дерекке Қыздарбек күйшінің өмір жолын зерттеуді ойластырып, кешегі бір басқа түскен зобалаңнан кейін бұғып қалған ақыл енді-енді бас көтере бастаған шақта кезіккен едім. Кешегі сырлы көмей күйші Әбди, Сембектен күй үйренген, Әбдіғали ақсақал мол сыр шерткен. Міне осы Қыздарбек шәкірттері бізге Абылай


 


ханнаң «Дүниге ғапыл», «Қайран елім» күйлерін жеткізген еді, соны осы күнгі қазақ радиосынан бергізу қаншама тартысқа, нервіге түскенін айтып жатпай-ақ та коялық. Ал, Біздің облыстың радио «Құдайға шүкір» бұл күйлерге әлі бетін бұра қойған жоқ.


Сол Әбдіғали қария біз бүгін Тәттімбеттікі деп жүрген


«Бес төре» күйін шығарушы Наурызбай екенін көңілге құйды. Манаптардың қолына түскен Науан елін сағынып отырып, осыны тартқан еді дейді. Сол күйде бес кісінің дауысы бар. Жайдары-жарқын Наурызбай үні, байсалды-қоңыр Кене- сары дауысын тыңдаған жұрт анық танығандай. Осы күйді бертінде тартып, елге таратушы Әбікен Хасенов Қыздарбек шәкірттері атылған соң өзі елден қашып жүрген. «Бес төре» күйін Наурызбайдікі дей алмағанын қазір түсінуге болады, әрі қазақ өнері сақталсын деген ниетпен Тәттімбет атына бұрып жібергенін сол Әбдіғалидан ұқтық.


Міне бүгін біздің қолымызға өткен ғасырдағы қазақ- тың ұлттық намысын қорғаған, ұлт батыры Кенесарының суреті түсіп отыр. Тақта шіренген патша емес, елінің ар- намысын жақтаушы жорық батыры. Мен елден естіген су- рет қаз-қалпында. Ат жақты, шықшытты, жал мұрын, көзі өткір жауынгер ханның соңынан оны көргендер де, кейпіне риза болған кейінгі ұрпақ та ергендей. Суретті халыққа ұсынушы Жайық Бектұрұлы. Кезінде саяси айыппен он жыл лагерде отырған, бүгінде жетпістің жуан ортасындағы ағаға қалай риза болмасын. Иә, кешегі бір күндерде осындай ел мұнын жоқтаушыларға халықты айдап салып, жаппай тас аттырғанына өкінесін де. Енді міне сол ел тауқіметін көтеруге туған азаматтар әлі де болса елінің ұлылығын жырлаушы бо- лып отыр.


Елім деп туған ерге тірісінде ұстасып өткен жауы өлгеннен соң да тыныштық бермейді екен. Кеше Рома- новтардың заманында дәртүрлі мерекелі тойларында хан Кененің суретін іліп қойып, алыстан атып, мергендік сынаса- ды екен. Сол дәстүрін революциядан кейін де жалғастырып келді. Ұлы Отан соғысына алынғандардың Ақмола түбінде дайындық лагері болған. Сол дайындық-тағылар мишен ретінде тақтайға жапсырылған Кенесарының суретін атуы ке- рек екен, сан қазақ жігітінің көкірегінде өзі қастерлі санаған


 


батырының бейнесіне мылтық кезей алмай, далаға оқ атқанын елге айтып келген еді. Оқ атпаса да Кенені жаман- дап, ағаш оғын аямай жатқан кәзіргінің кей тарихшысының Ромоновтардан несі кем? Әттең оларға тапсырылатын темір кресіміз ғана жоқ.


Дүниеде өткеніне бір жарым ғасырға жуық уақыт өтсе де оның тарихи орыны туралы дау-дамайы басылмаған, басынан сырық кетпеген Кенесары кім еді? Күні бүгін оны қарақшы деуге жүзіміз жанбай келді. Ол туралы «Вестник Европа» журналы 1870 жылы «Словом, Кенесары умел быть достоиным повелителем своих дружин-духу... позевидовол бы любой полководен европейских воиск, таков был Кене- сары» деп танадана да, тамсана да жазған. Әрине, жауға қарсы аянбай ұрысқан ер жау түсінігінде қарақшы. Ол, бірақ, ұлт түсінігінде ұлт батыры. Қазақ халқын қырып-жою сая- сатын ұстаған отаршыл Романовтар үшін Кенесарыдан жа- уыз ешкім жоқ. Бірақ біз дүниеге Романовтар көзқарасымен қарай береміз бе?


Өткен уақытта Ресеймен табандылықпен соғысқан Ша- миль ұлт батырына айналып (кезінде Шамиль үшін түр-меде отырғандарды да кездестірген едік), оның атына қала беріп жатыр. Міне елі үшін туған ерге қурмет осылай болуы керек. Ал біз болсақ елі үшін еңіреген ердің атын әлі дұрыс атай алмай келеміз.


«Кенесары хандығын ғана көкседі» деп біздің құла-ғымызға әуел бастан сіңіруге тырысып келе жатыр. Шын-дығында Кенесары өз басының ғана қамын ойлады ма екен? Орыс патшалығы аса бай қазақ жеріне тұмсығы іліге-ақ жергілікті халықты қырын-жою, байлықты ба-сып қалу саясатын ашық ұстады. Тіпті адамзат ұрпағы цивилизацияланған ХХ ғ. кіргеннің өзінде жерім кетті деген қазаққа дала уалаятының жандаралы Шмидт. Сен иттерді шөлге «қуам» десе, ұлт кеңесінің мүшесі Марков. Қазақ, қырғыз – Шыңғысхан мен Ақсақ Темір елі, бұларға Америкада қызыл терілерге қылғанды қылса...» – деп ашық айтқан.


Ал Кенесары заманында ше? «Уралец (орыс қазағы к.ж.) из стари смотрел на киргиза как на предмет, ... челове-


 


ческая прав его Уралец никогда не признавал» (русский вестник. 1860 ж). Генерал-губернаторға жазған хатының бірінде Кенесары. Бізге ата-бабамыздан мұра жерлер... тар- тып алынып, бекіністер салынды. Күн сайын елімізді басып алып, бекіністер орнатып, енді Халқымызды ашындыруда. Бұл біздің болашағымыз ғана емес, тіпті кәзіргі тіршілігімізде қатер – деп бар қазақтың мұңын жоқтайды. Америка үндіс- терінің басына төнген қырғын-ажал қазаққа да төнгенін Кенесары жақсы білген. Кене хан қазақ ауылдарына орыс отрядтарының үнемі шабуыл жасап, әр шабуылында жүзден бес жүзге дейінгі адамды өлтіріп кетіп отырғанын, Әлтеке Са- рым ішінде қырғынға ұшыратқанын нақтылы дәлелдеп пат- ша өкілдеріне сан жазған. Князь Горчаковқа жазған хатында


«Біздің адамдарды өлтіруге, тонауға, байлап әкетуге тыйым салған патша заңына ешкім де пысқырмайды – дей келіп, кісі өлтірушілік жайлаған орыс отрядтарының қанды балақ жор- туылын ашына жазады.


Иә осы тұста империяның мүддесіменен қазақ елінің мүддесі қайшы келед. Орыс хатшысы қазақ хандығын жою қазақ халқын жоюды тездететін құрал деп түсінсе, Кенеса- ры қазақ хандығын қалпына келтіру, елдің бүтіндігін сақтау, іргесін бекіту, қазақты халық ретінде сақтау деп түсінді.


Соғыспай тынбайтынына көзі жеткен Кенесары стра- тегиялық жағынан аса қолайлы Бетбақтың терістік шетіне қамал салдырған екен. Қамал қабырғасы үш жотаны қуалай көтеріліп, оңтүстік жағы өзеннің жарына тіреліп, терең ор қазылған. Кезіндегі әскери-инженерлік талапқа сәйкес оқ атарлық он бес мұнара мүйістерге орнатылған.


Қамалдың шығыс жақ   іргесіндегі Кенесарының өзі ғана су ішкен құдыққа Әбілжан ақсақал 12-ге 15 минут қалғанда алып келді.


Жарықтықтың су ішкен жері осы екен ғой, – деп жол- серіктерім Сапар, Адамқұл, Ерғалы бүгінде таяздап кеткен құдық суынан тебірене ауыз тиіп жатты.


Азаттығы мен ұрпағының тірлігі үшін көтерліген халық осы қамалға үміт артқан екен. Бұл қамалдың терістігінде


 


елу-алпыс шақырым жерде сайын далаға үкімін жүргізу үшін орнатқан орыстың Ақтау дуаны тұр. Даланың тыны-сына шан- шудай қадалған осы орыс бекінісін алуды Кене хан әуелден көздеген. Ақтау менен Ақмола арасында тығыз байланыс бар еді. Тұяғына шаң жұқтырмаған Ақбоз атты шабарман әр ап- тада келіп-кетіп тұратын. Бір кезде осы Арқаның бір байының жүйрігі еді, енді бөтен жұрттың жарағына жараған сәгүлікке, қанша тоспадан қосылса да, шаңына ілестірмей адастырып кетіп жүрген.


Міне, сол Ақбозды қолға түсіру ұрысқа жинаған жұрт үшін жол ашар-серт сияқты боп көрінді. Ақмоланың бас қорғанысының ішіне жасырылған атты әкелуге жіберілген жігітін күтіп Кенесары Санғыру биігінің басына шығып, терістікті әлденеше күн көзбен шолған. Ақыры ат әкелінді. Батырдың да, басқаның да атақты жүйріктен үміті бар еді. Ақбозды саптың алдына жетелетіп жеткізген.


Жау мінген жарақты тақымға басып жарқырамай-ақ қоялық. Ақ жолға ақ ат құрбандыққа шалынады, – деп Кене хан атты орып жіберген екен.


Ақтау дуанының түстік жағындағы Қарашоқы бөлім-


шесінің тұрғыны Сағынжан дуанды қазақ қолының қалай алғанын қолмен қойғандай баяндаған. Будырсыз жазыққа салынған дуан бекінісіне жауған оқтан жету қиын. Кененің бұйрығымен әркім қараған тобылғыдан құшақ-құшақ тең буып, алдына ұстап, сәскеде шабуылға шыққан. Күркіреген зеңбірек, күрс-күрс атылған көп мылтық соған қарсы азаттық үшін ұмтылған көзсіз ерлер, арқыраған арғымақтардың дала төсін дүрілдете шапқаны көз алдына келгендей.


Қамал ішіне алғаш кірген Наурызбай екен. Іле Ағыбай, Мәжін, Қашқынбай, Шөмішбай батырлар да жау ішіне сұғына енген. Наурызбай батыр 1824 ж. Қарқаралыға бекініс сал- дырмаймын деп, Тар кезеңге соғысыпты. Наурызбайдың Тар кезеңі аталған сол орынды көрсететін жанды Қарқара-лыға барғанда таба алмадым.


Жау зеңбірігін сойылменен соққылауда сескенбеген, ажал сепкен көк мылтықты наркескенмен турауда қайт- паған Кенесары батыр. Аш қасқырдай жан-жағын қоршап,


 


жалақтаған дұшпанынан соңына ергендерді сақтау үшін оңтүстікке ығысуына тура келді. Қалмақ шапқан ақтабан- шұбырындыда қазақ туысқан өзбек жерін паналап, күш жиып, жауын ой-сырата женген еді. Бұл жолы Кене хан туысқан Қырғыз жерін паналап, қуатын жинауда ойлаған еді. Бірақ орыс патшасы Орман сияқты манапты күні бұрын сатып алған, қазақ жерінің түстігін саған берем деп құрғақ уәж берген. Осыған сенген Орман жасырын орыс жасақтарын өзінде ұстаған. Пана іздеп арқа сүйемек барган туысқанға қаскөйлек танытып, елім деген қайран ер Кене- сары батыр опат болды.


Кенесарының ту көтерген жерінде қамал салған жұр-


ты жатыр. Қамал құлаған. Өткен ғасырда жау қиратқан қамалдың тасын бертінде өзіміздің жарым естілер өзеннен тоған байлауға тасып, мал қора салып, быт-шыт еткен. Сол қамалды іргесінен қызыл күрең реңге боялған кішкентай ақ тасты алып, бой тұмардай сақтап жүрмін. Ақ тастағы қызыл күрең рең азаттық үшін арпалыста шейіт болғандардын тасқа айналған қаны тәрізді.


Асықпайтын тарих дөнгелегі шындыққа бет алған заманда елі мен жері үшін ажалға қарсы шапқан Кенеса-рының ұлт батыры атанатына сенімім мол.





Пікір жазу