18.05.2021
  403


Автор: Кәмел Жүністегі

Ештен кеш жақсы

«Орталық Қазақстан»газетінің бетінде облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі жарияла- нуы құптарлық іс. Ауылында не барын білмей адасып жүрген үлкенге де, дүние тануға енді үңілген кішіге де бұл тізім қажет-ақ. Бұл облысты енді басқаруға келген азаматтардың игілікті ісі, жаңа бетбұрыс десе болады.


Осыған қуана отырып, әттегенайларды айтпай кету- ге болмайды.Кеткен кемшілік басқаруға жаңа келген аза-маттардың қателігі емес, осы тізімді ұсынып отырған бұрынғылардың салғырттығы, жауапсыздығы демеске бол- майды.


Үстірт қарап өттім де «мынау қалай» деуге тура келді.Осы тізімде атағы жер жарған, совет заманында атын атағаны үшін айдауға талайлар кеткен Шортанбай жыраудың мәңгі тұрағы енбей қалыпты. Бұларға ұлы жыраудың есімінен үркетіндей не болыпты? Ол Бұхар жыраумен Абайды жал- ғастырып тұрған, академик Т. Кәкішевтің айтуынша Х1Х ғасырда орыс империясының зұлым саясатын мейлінше әшкерелеген бірден-бір тұлға. Тәуелсіздікке қол жеткізісімен 1993 ж. ұлы жыраудың 175 жылдық мерей тойын өткіздік. Ол жатқан жерге мемлекет қарауында деген мемориал тақта қойылды. Тізімді жасағандар мұны білмесе ол қызметінде неге отыр деген сауалды жұрт айтады.


Бұл тізімнің жас ұрпақты елін сүйгіштік,патриоттық рух-


та тәрбиеленуде ерекше орны бар екені даусыз десек, сол қиын-қыстау заманда төсін оққа төсеп өткен батырлар Байғозы, Есей, Баубек, Кәдір, Орман, Тобышақ, Қаратай батырлардың мазарының ілікпей қалғанын да түсіне алма- дық, елге түсіндіре де алмаспыз.


Ғасырлар бойы ел бірлігінің ұйтқасы болған, даланың төте заңымен елді әділдікке ұйытып, қазылық еткен би-лердің де ұмыт қалмағаны жөн еді. Кешегі Кенесарының азаттық қозғалысында соның қатарынан табылған, кеңестік шовини- стер атын ататпай қойған Шабанбай, Байсейт, Дүй-сенбай,


 


Қари, Көшкінбай билер де бұл тізімнен тысқары қалыпты. Қолындағы бары-малымен ағайынға ырыс болған, жиырма мың қой біткен Ботпай, Ақ, Қозыбақ, Қырбас, Нұрбайлардың да ұмыт қалғаны өкінішті.


Әрине, бұлар зерттелмеген де дейтін болар. Кеңестік иде- ология мен өзіміздің қазақи қажетсіз болғаны рас. Бірақ біз азат ел болғанымызға жиырмаға жуық жыл болды ғой. Сонда бұл мәдениет саласында жүргендер не бітірген деген сауал еріксіз көкейге келіп тіреледі.


Шет өңірі күй дарыған ел. Сұрқай тұста Қыздарбектен басқа күйшілер тегіс атылып кетті. Олардың сүйегін де ешкім тапқан емес. Ал, Қыздарбектің ұстазы Итаяқ күйші Тоқа, Тәтімбеттенде бұрын өмір сүрген адам. Итаяқ күйшінің ма- зары Бетбақ даланың шетінде. Мазарды іздеп, көлігіміз бұзылып, қырық градустан аса ыстықта екі күн жаяу жү-ріп зорға шыққан едік. Ұлы күйшінің мазары табылғаны жөнінде бір газетке жаздық. Бірақ соны көрейікші, білейікші деген мәдениеттің бір қызметкерін көрмедік. Бұл жолы да сол білмеген қалыптарында қалыпты.


Адамзат тарихының даму кезеңінен қалған тарихи ескерткіштер Шет өңірінде жетерлік. Мектеп оқулықтарына енген Тесіктастағы көне суреттер, әлі зерттеуін күтіп жатқан Тайатқан-Сарыбұлақтағы мыңдаған петроглифтер, Мыңбай сайындағы мыс қорытқан өртек пештер, Әлікей Марғұлан тамсана жазған Аю тас, Қой тастар, Үңіректегі аса көрнекті сымтастар, Бұғылыдағы Үй-үңгір, Шетшоқыдағы сым тас мұның бәрі де көне заманнан там-тұмдап жеткен тарихи мұра. Өкініштісі бұларда назардан тыс қалыпты.


Осы өңірдің талай жұртының анасы саналатын Сұлу Бике, Мәдина, қолына қару ұстай білген Майшора қыз (мазары қос етекті, ішінде бесік тұр), Зүбән қыздың Шажағайдағы күмбездері еріксіз таң қалдырады. Жақында Қызылтау ауы- лының тұрғыны Дулат Қожамбердітегі Ағыбай батырдың бір өкініші болған Зүбән қыздың мазарына оңтүстіктен келген біреулердің «бұл біздің бабамыз» деп ескерткіш қоймақ бо- лып жүргенін айтып, ренжіп кетті. Міне бұлар да назарда емес екен. Қорғаусыз болған соң әркімнің ойыншығына ай- налып бара жатқандай.


Шикі кірпіштен күмбез өрген қазақ оның беріктігін де ой-


 


лап, лайына аттың қылын, ешкінің майын қосып, табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұра алатындай жағдайға да жеткізген. Солардың ішінде қалау үлгісі ерекше, әр қатарының кірпішін түрлендіре қалап, көрушіні еріксіз тамсандыратын. Толағайдағы күмбез (Барақтікі деседі), Талдыдағы Молла ма- зары (Даниярдікі деседі) Кеншоқыдағы Нұрлан, Ақшағылдағы Көпбай, Тайатқандағы Шалғынбай мазарларын тізімнен таба алмадық. Жазушы Мұқтар Ма-ғауин таңданып жаныны келіп суретке түсіруін сұраған Сағым қыздың күмбезі совхоздың қалың сиыры паналап, мүйіздейтін орынға айналып, ақыры жермен жексен етілді.


Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қасіретті


уақиғалар ел жадында болса да тізімде жоқ. Аудан басын- да аштан қырылғандарға арналып ескерткіш қойылған. Сол сияқты 1931 жылы осы жерде, және Ақсораңда, жиырма жеті, жиырма сегізден топ-топ кісі атылған. Бұлда ескерусіз екені түсініксіз.


Қайрақты өзенінің бойында қос күмбез болып қаланған Ақтың мазары, Нұрбай, Бәйтік, Иманбай, Құдайберген, Ормақай, Мергенбай, Жамбы, Аманбек қажы, Зейнеш, Құлбай, Жанбай тағы тағылар жатқан жиырмадан аса күмбездер де күні бүгінге дейін тіркеуде болмауы құлық- сыздықтың салдары демеске лаж жоқ. Газетті қарай отырып осы тізімге ілікпей қалған 78 (жетпіс сегіз) тарихи, мәдени ескерткішті тізіп шықтым. Бұлар менің жадымда тұрғандары ғана.


Сылтау айтып ақталуға болмайтын шаруа. Бала-шағаны асырау үшін бәріміз де жұмыс істедік, түнде отырып по- вест, романдар жаздық. Саяси қылмыскер аталып, аяғымыз шідерлі, аузымыз буулы болса да жаяу-жалпы жүріп, осы күмбездерді, нысандарды іздедік. Не үшін?


Келер ұрпақ бабаларының ұлы болғанын түсінуі үшін. Ұлы бабалар рухы ұрпақты жебейді, ұрпақтың ата-


бабасының өнері мен ісіне мақтана алуы отан сүйгіштіктің кілті.


Астанадағы «Фолиант» баспасынан патша заманында Ко- зырев деген ғалым-геологтың басшылығымен экспедиция жасақталып, әр бұлақтың аты, әр шоқы-төбенің атауы, оның жанында кімнің бейті жатқанын зерттеп, 1909 жылы жа-


 


рық көрген Ақмола облысына арналған кітап қайта шықты. Қарағанды ол заманда Семей облысына қараған. Енді осы Семей облысына арналған сол экспедицияның кітабын қайта шығаруды облыс басшылары қолға алса, нұр үстіне нұр бо- лып, талай адасқан дүние орнын табар еді.





Пікір жазу