18.05.2021
  421


Автор: Кәмел Жүністегі

"Наркескен" тағдыры

Бесата елі мекен еткен бүгінгі Шет ауданы террито- риясындағы халық Ағыбай батырдың «Наркескен» атанған қылышы туралы аңызды кезінде жырдай қылып айтатын еді. Әлдебір жорықта шөгеріп тасаған түйенің тасасынан мылтық атып, қарсылық көрсетті. Батыр Ақауыз атпен шөккен түйенің үстінен орғытып өте бере қылыш сілтеген екен, жалт берген жауға ақ алмасы түйені екі өркеш арасынан қақ бөліп кетіпті десетін.


Сол «Нарекескенді» қолына біраз уақыт ұстаған менің әкем Жүніс Ыбышұлы «ұзындығы 70-80 см, жүзінен тү-сіңді көретіндей жарқырап тұратын қару еді. Оның кейбір милиция қызметкерлерінің жуандығы ортан қолдай сым темірді шауып көргенінің де куәсі болдым. Сонда да жүзі муқалмайтын» – дейтін.


Қазақ орысқа қараған тұстан бастап-ақ Ресей дала елінің қолында қарудың қай түрін де болмауын қатты қадағалаған. Патшаның стражниктері ХІХ ғасыр бойы ауыл-ауылдан қаруды жинап алудың нәти жесінде қазақтың сан батырының дуылға-сауыты, қылыш-найзасы бізге жетпей-ақ құрыған. Ал, патшалық Ресейден соңғы заманда да ХХ ғасырда сол саясат мықтапр жүргізіліп келеді.


Сөзіміздің дәлелі 1922 жылдың 25 маусымында Доро-шен- ко бастаған отрядтың Сарыбұлақ болысына (осы күнгі Шет ауданының Босаға, Киікті, Қызылтау ауылдық округі) келіп, Ағыбай батырдың келінің үйінен батырдың «наркесенін» тар- тып алып кетуі.


Дорошенко, Зайцевтар осы жылдың 12-шілдесі күні Қызылтау болыстығына келіп, (осы күнгі Шет, Нұраталды, Талды округі) келер жолында балалардың ойншығының ішінен пілте мылтықтың шүріппесі табылғаны үшін Дүр- мұхаммед қожаны атпен қудалап сабап, өлімші қылып кетсе, онан әрі Әлібек деген малшыны атып кеткен.


Қызыл отрядтың жамылғысын орыс-казактардың Са- рыбұлақ – Қызылтау болысындағы зорлық-зомбылықтың


 


Алаш азаматын Мадияр Дулатов елге ара түсіп, шырылдай жазғанын архивтен табылуы патшасы болсын, қызылы бол- сын Ресейліктердің исі қазаққа деген көзқарасының қай за- манда да өзгермегенінің куәсі.


Дорошенко Зайцевтар кім еді? Дорошенко осы күнгі Жарық станциясына жақын Бұрма маңының орысы. Ол патша заманында да әлеуетті шаруашылығы болып, осы маңның қазағына зәбірі тиіп келсе, қызыл үкімет келген соң Қарқаралы округтің милицияның қарамағына енген кәззап. Зайцев Спасскіде тұрған гарнизонның бастығы екен.


Қазақ үшін жанын шүберекке түйген Міржақып (Ма- дияр) Дулатаовтың жоғарғы жаққа осы қылмысты ашына жазуы тегін кеткен жоқ. Елді бұл зорлықтан құтқару үшін белгілі революционер, әрі қаламгер Бектің Орынбегі (ол кісі 1937 жылы атылып кетті) елге шыққан. Осы күнгі Жарық станциясының маңындағы Айғыржал деген ауылда Доро- шенко тағы бір зорлық етіп жатқан жерінде О. Беков үстінен түскен. Дорошенконың кезенген мылтығын О. Беков қағып үлгерген соң, сол елдің азаматы Салтанның Тұрабайы деген балуан жігіт Дорошенконы алып-ұрып байлап тастаған.



  • Беков, я все равно уничтожу, деп айғалаған байлаулы Дорошенко.


Қолға түскен Дорошенко әуелі Қарқаралы түрмесіне қамалып, онан кейін Ақмола түрмесіне жөнелтілген.


Жиырмадан жаңа асқан Ыбышев Жүністі 1929 жылы Шет аудандық милиция бөлімінің бастығы етіп тағайын-даған. Сол тұста Жүкең сол милиция бөлімінің кім көрінген қызметкері ұстап жүрген Ағыбай батырдың «Наркескенін» өзі алады да, сақтап қалу үшін үйге тығып қойған.


Ж. Ыбышев Басмил болып ұзақ істемеген. Сол кезде ГПУ- ге бастық болып келген Шишов (дұрысы Сычев) деген екі кластық білімі бар орыс жазықсыз жұртты қамап, зорлық- зомбылық көрсете бастаған. Ал, Ж. Ыбышев түрмеге түскен еш жазығы жоқ Әбди күйшіні өз қолымен қашырып жіберген. ГПУ дің қанқұйлы жұмысымен істес болғысы келмеген Жүкең сол 1929 жылдың аяғында Басмил (нач.милиций) жұмысын тастап кеткен.


1931 жылы Шет ауданында ашыға бастаған халықтың дүмпуі болған. Мойцынты – Сарыбұлақ жағында 27 адам, ау-


 


дан басында 28 адам атылған. Осы тұста қару жинау тағы қолға алынып, әлдекімдердің көрсетуімен әкемнің үйіндегі қылышты ГПУ алып кеткен.


Мұнан кейін Наркескен тағдыры белгісіз. Дегенмен оның іс-түссіз жоғалып кетуі мүмкін емес. Ол туралы деректі Дорошенконың тергеу материалдарынан, не Шет ауданынң ГПУі Сычев (Шишов), өзін-өзі атқан ГПУ Қалабаевтің бас істерінен, Шет ГПУ-інің иархивтік материалдарынан іздесе табылып қалуы әбден мүмкін.


Мен өз басым әкем Ж. Ыбышұлының айтып кеткен


«Наркескенін» кейбір ерекше белгілері бойынша танып бере аламын.


10.10.01 жыл





Пікір жазу