17.05.2021
  1195


Автор: Роза Сейілхан

Іздесе деп ем...

Іздесе деп ем, сені де мендей сағынып,
Күтсе ғой деп ем, сені де менше сарылып.
Арманшыл болып кетсе ғой деп ем өзіңді,
Ойыңа келген ойларға түгел бағынып.
Білемін, білем, бұл күнде бәрі кеш бірақ,
Жауынсыз жерде жайқалған емес еш құрақ.
Саясын аңсап, баратын барып, сырласар,
Армансыз ба едің, аққайың, сен де кешкі бақ.
Жыр жазбай қайтем,
көңілде ылғи барда алаң,
Жаным бір дауыл, ұйтқиды одан қар, боран.
Сен аман болшы, естиін сырттай атыңды,
Сен болсаң күнім, тірімін, мен де бар болам.
Өмірде құшып, сүйгеннің жөні бөлек қой,
Өкпелей бермей біреуді сен де демеп қой.
Бақыттымын деп сезіну үшін өзіңді,
Қамығып тұрып, сағынып тұру керек қой.
Іздесе тілеп, қаласа жүрек несі мін,
Дұрыс та бұрыс беретін солар кесімін.
Абайсыз келіп, аңдаусыз қадам бастырған,
Сезімім «Ардан» сұрасаң етті кешірім.
Кіршіксіз, адал жүрегің үшін ұнатқам,
Сен маған кейде жаралғандайсың шуақтан.
Сен кейде тіпті биіктеп бара жатасың,
Таулардай сонау, алыстан маңғаз мұнартқан.





Комментарии

Мәке
Мәке 05.04.2023 21:39
Солғой, тарпадық кім айтатынын
09.09.2022 12:07
Осынын анимен ким орындайды екен
Айнур
Айнур 09.07.2022 03:25
Осынын анин ким орындайды таппай койдым.айтасыз ба

Пікір жазу