17.05.2021
  298


Автор: Роза Сейілхан

Томаға-тұйық

Томаға-тұйық күн кешіп,
Жырымды жүрем жұбатып.
Санамды шайқап түн бесік,
Өмірді кеткем ұнатып.
Арманға сенгем алдамшы,
Жанардан саулап көлшігім.
Тұншығып іште жан даусы.
Бұлқынып барып көншідім.
Тағдырдың сыйын қабыл ап,
Осыған тәубе деген ек,
Бір Тәңір куә, жаным ақ,
Мен де бір көзсіз көбелек.
Не дермін, не деп кінә артам,
Жазғыруға да жоқ себеп.
Бір жанға үнсіз құмартам,
Дәл менше сүйіп кетсе деп.





Пікір жазу