17.05.2021
  215


Автор: Роза Сейілхан

БАҚДӘУЛЕТКЕ

Балапаным, кішкентай жарық күнім,
Сенсіз өмір сүргенім бекер менің.
Тәй-тәй ботам, жүруден жалықпа ұлым,
Тәп-тәттім-ай, бал ма едің, шекер ме едің.
Сенсіз қалай атты екен таң арайлы,
Былдырлаған тіліңе тояр ма екем.
Жан-жүйемді бір сезім аралайды,
Бағаласаң бақыт та баянды екен.
Жақындады көп күткен бір алысым,
Аман болшы, шаттығым, жұбанышым.
Жабығудан сақтайтын, қамығудан,
Сен анаңның мәңгілік тұмарысың.
Судан аман бол, ұлым, оттан аман,
Ай сәулесі жолыңды жарық етсін.
Үлесіңді ал уақыттан тоқтамаған,
Өмір теңіз, шайқалтпай алып өтсін.





Пікір жазу