17.05.2021
  3735


Көлік батасы. Машина құтты болсын!

Құтты болсын көлігің.
Шаттана берсін көңілің.
Жаққан отың мазданып,
Қыздыра берсің көрігін.

Басқан сайын баса бер.
Асқар белден аса бер.
Еш білеге жоламай,
МАИ-лерден қаша бер.

Жол сапарға шыққанда,
Сұрінбесін тұяғың.
Елемесін жолдардың,
Қисығы мен қиянын.

Талай елмен қауышып,
Өмірің болсын көрікті.
Талай жерді аралап,
Жолың болсын көлікті.


 


Көлік алған адамға тілек. Машина құтты болсын!





Пікір жазу