16.05.2021
517
Сылтаушыл
Ертеде бір қойшы үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсатыпты. Күн суық болса керек, баласы:
–Тоңамын! – деп, сылтауратыпты.
Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ қигізіпті де:
– Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, - депті.
Сонда баласы ұялмастан:
– Енді көзім тоңады, - деп жылапты.