14.05.2021
259

Эпиграммалар
1
Қызық, қызық қарап тұрсақ «қасіреті» мұның да,
тұңғыш шыққан гүл секілді махаббаттың тыңында.
«Ақсары қыз», «Қара қыз» – деп жыр жазады ол дамылсыз
әйелінен басқа адамның атын білмейд, шынында.
2
Күлме, досым, балағы оның алба-жұлба жыртық деп,
қайғырма оған жоқшылықтан пайда болған қырсық деп.
Атағы оның жайылды елге «сұлу қыздар» аулында,
ал, балағы сол ауылдың иттерінің аузында.