14.05.2021
  275


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Жұмыр жерді түгел көріп өтем деп

Жұмыр жерді түгел көріп өтем деп,
Мен отырмын бір төбені мекендеп.
Анда барсам мына жақты көрмеймін,
Мында келсем ана жақты көрмеймін.
Айтыңдаршы, айтыңдаршы өр Адам.
Бір мезгілде бәрін қалай көре алам?!
Түн болсам да көрер ем тек бір бетін.
Күн болсам да көрер ем тек бір бетін.
Ал, егерде аспан болсам мына мен –
бар жағынан бірдей көріп тұрар ем!..





Пікір жазу