14.05.2021
188
Дымқыл жапырақ майыстырып талды иіп...
Дымқыл жапырақ майыстырып талды иіп,
Жасыл бұта бір-бірінен сәл биік,
Бөбектері секілді осы көктемнің,
Көктем, көктем... тал басына қалды ұйып.
Көктем әкеп гүл букетін салды үйіп,
Қақсып қалған тамырларға қан құйып.
Байғұс ара шырын іздеп шарқ ұрды,
Тіршіліктің таңдайы үшін бал жиып.
Ду-ду етіп гүлден-гүлге көшеді,
Тәттілерге ауыз неткен өш еді –
Өздері жеп бітірер ед жиғанын,
Бал екенін білмей жүр ғой деседі.
Оу, аралар, неткен ғана өжетсің!!
Өз нәпсіңді жүрсің бе әлде тежеп шын?
Өмір бойы араға ұқсап бал жинап,
Өзің оны сезбегенге не жетсін!
жапырақ тал бұтақ Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері