14.05.2021
229
![](/uploads/shorttexts/author_image/94047c7aed51e724061677a49a921822-original.jpg)
Жылжиды түнім, жылжиды...
Жылжиды түнім, жылжиды,
Бу-айдында гүл жүзді.
Көкжиек-обыр қылғиды
Төбемнен өткен жұлдызды;
Батады жұлдыз, кәрі аспан
Батысқа аунап түсті бір.
Қараңғы, жарық таласқан –
Төменде оттар, үсте іңір...
Кетеді ой кейде түңілтіп,
Алдайды кейде арманмен.
Бітірмесем бүгін түк,
Ұяламын-ау таңнан мен...
Түн Көкжиек Жұлдыз Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері