meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.05.2021
  235


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Жапырақтар, жапырақтар саялы...

Жапырақтар, жапырақтар саялы,
Жапырақтың төсінде шық таяды.
Бүкіл осы Алматыны – табиғат
Жапырақтың бояуымен бояды.
Жапырақтар, жапырақтар саялы,
Таптамашы, адамдардың аяғы!
Жастық шағым жапырағын жаяды.

Жастық шақтың бұтақтары баяғы,
Қартайғанда болды ақынның таяғы.
Ал, біреулер тым ертерек ақсады,
Тағдыр онан таяғын да аяды...
Жапырақтар, жапырақтар саялы!





Пікір жазу