14.05.2021
234
Сыңсиды орман сағада...
Сыңсиды орман сағада,
Сағада құстар мекені.
Шүйіліп көлге шағала
Көтеріліп кетеді –
Алғаны қайда, алғаны?
Қылтитып қайық тұмсығын
Қоғадан шығып асығыс;
Кезейді мерген мылтығын,
Жоламайды жақсы құс –
Қарғаны қайтсын, қарғаны!
орман құс көл Шағала Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері