14.05.2021
245
![](/uploads/shorttexts/author_image/94047c7aed51e724061677a49a921822-original.jpg)
Шомылып мөлдір өзенге...
Шомылып мөлдір өзенге,
Сергіп те қап ем оянып,
Жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.
Ғажайып қырлар гүлденген,
Қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.
Болмайтын сын-ды тоқталсам,
Жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені – от болсам,
Су болсам – қайда құямын?
Уақыт қуып барады –
Асығып келем, асығып.
Сырындай мына даланың
Ашылып келем, ашылып.
өзен шомылу кезең Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері