14.05.2021
  293


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Тағы да, тағы да бір жыр бастайын

Тағы да, тағы да бір жыр бастайын,
Тыңдады, құрдас терек, сырлас қайың:
Өлең бар әр бұтақта жүз жапырақ,
Өмір бар жүз драма бір бас сайын.
Пердесін ашады оның тіл мен көңіл,
Осы ма, тіл мен көңіл, білгендегің?!
Рөлін артист-сөздер ойнай алмай
Ақылдың жылап берді күлген жерін.
Қай жаққа, енді қайда бұрыла алам,
Жаным бар шындық дарын, жыр ұнаған.
Осы бір кеудемдегі кішкене бас
Үп-үлкен дүниенің сырына алаң...





Пікір жазу