14.05.2021
211

Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ...
Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Жайрап жатты осынау ұлы дүние
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.
Жолдың түгел ашылуын күтпелік:
Секір, толқын, шың, басынан тік келіп!
Дәл қосымда еміс-еміс сыбдыр бар,
Жанбасымда шалғын жатыр бүктеліп.
Мен де титтей бір шыбық боп көктедім.
Көктем, көктем, өлеңімді төк менің!
Мойындамай Алатау тұр жалғыз-ақ
Баурындағы Алматының көктемін.