13.05.2021
  239


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Баурына ап тау мен қырды түн қызғанды...

Баурына ап тау мен қырды түн қызғанды,
Тыныштық талды айнала қамады кеп.
Теңізде ашық жатқан жұлдыздарды
Толқындар ұмтылады жабамын деп.

Талықсып ескен самал баяулайды,
Сайларға бозғыл сағым қалады ұйып.
Кәрі аспан төсегінде ай аунайды,
Жабысып жамбасына жабағы бұлт.





Пікір жазу