13.05.2021
  342


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Бала біткен шаттанды

Бала біткен шаттанды,
Төменде – олар, төрде – біз,
Кебежені ақтарды
Табақ алып жеңгеміз.

Есік алдында жазық бар,
Жазықта екен киіз үй.
Жағал теке қазыққа,
Қасып тұрды мүйізін.

Табалдырық тақтайлы,
Көздер соны күзетші:
Әрлі-берлі аттайды ақ
Балтырлар, біз өкше.

Аяққапқа ұмсынып,
Үлдірікке бір барып,
Қыз қарайды қымсынып,
Біз қараймыз ұрланып.

Көрісу ғой әуелгі,
Сөз таппадық «емге» біз.
Дей бергенде «ал, енді..»
Сезіп қойды жеңгеміз.

Айықты ойлар біріндеп...
Ымырт жапты алқапты.
Үй сыртына дүбірлеп,
Келіп қалды салт атты.

Иттер тосты жолынан,
Ит үре ме «үр» десе.
Ал, үйде қыз қолынан,
Түсіп кетті бір кесе...





Пікір жазу