13.05.2021
243
Ақ саусақ билейді, билейді...
Ақ саусақ билейді, билейді
кәдімгі ақ мата үстінде.
Көк жіпті сұр ине сүйрейді,
көк ала кестелер түсті де –
Кестелер кенеттен тіріліп,
ну орман өсті де жетілді.
Көк жиек сол нуға сүрініп,
асып кеп құлаған секілді –
Көл ұйықтап көгалдың шетінде,
маңдайын жартасқа тірепті.
Осын-ау айдынның бетінде
Тастар да толқыды, дір етті.
Кестелер көк ала, ақ ала...
тағы бір қарашы, байыптым.
Төбемде ұшқандай шағала,
жағасын еске алдым Жайықтың...
Кестелер, кестелер тірілген!
Жарымның қолына қарадым:
кестені жап-жаңа тігілген
кер-дала жамылып барады.
Кестелер көгеріп түсті де,
сұр ине көк жіпті сүйрейді.
...Осылай туған жер үстінде
Саусақтар билейді, билейді.
саусақ Кесте Мата Ине жіп Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері