11.05.2021
  392


Менің университетім

Қаламның алған төрінен жайлы жарасым,
Ұстаздары да жүрегі жомарт,жаны асыл.
АӘИУ атты универімді көргенде-
Жаныңа қуат,бойыңа медет табасың!
Жатаханамыз жайлы орын,жұмақ мекенім
Білемін-дағы өлшеулі күннің өтерін
Студент ғұмыр қызықты универімде-
Ойымды шыңдап,мақсатқа қойған жетемін.
Бермейін босау зергерлік дейтін тақымға,
Жазира көңіл универіме жақын ба.
Кешегі жастар,бозбала болған студент
Біреуі әкім,біреуі болған ақын да.
Түлегі болам универдің мен де бір күні,
Басқа да ерек тәлімі менен тірлігі .
Жау буын алған білімді биіктете бер-
Жығылмасын еш түрулі болған түндігі
Талай рет ұшты ұяңнан алтын қанаттар,
Тарихың терең, әліде жатыр парақтар.
Ұжымда болған бірліктің нағыз ұйтқысы,
Әділ басшыда екенін бәрі сабақтар.
Жастарға білім өнегені де тең берген,
Ойында шәкірт қолында бесік тербелген
Универім мен пайымды ұстаздарыма
Көрмедім әлі профессорды тең келген!





Пікір жазу