10.05.2021
256
Бір сəуле...
Ішімде жеткілікті қаншама мұң
Көздегі тамшыменен ұғындырдым
Сынаудың керегі жоқ мына мені
Бостан босқа жоғалар сенің құның
Таусылмайды баршаға іштей жырым
"О ,Поэзия" сен мені жылындырдың
Оза шауып келсем де қаншама рет
Аяғымнан шалып тағы да сүріндірдің
Өмірім егіз осы бір өлеңіммен
Ащы үн шықсадағы көмейімнен
Ашындырып барады мына жайттар
Аққан жұлдыз секілді сөнемін мен
Қуаныштан қарасам мұңым басым
Сығып алып отырмын көздің жасын
Барлығына үнсіздікпен жауап берем
Өмір деген ақ қарадан құрылғасын